Мұндай пациенттер, әсіресе, АҚШ-та қайта көбейіп келеді. Елдің 50 штатының 41-де Covid-19 диагнозы қойылғандардың саны артқан.
Жалпы алғанда, дауасы жоқ инфекцияны жұқтырғандардың жартысынан астамы немесе 6 миллионнан артық науқас екі Америка континентінде тіркелген. Үш миллионға жуығы – Еуропада, қалғандары әлемнің өзге аймақтарында анықталды.
Айта кетсек, планетада коронавирус пандемиясы карантин режимі доғарылғаннан кейін немесе жеңілдетілген соң тағы өршіп отыр. Сондықтан, көптеген мемлекеттер шектеу шараларын қайта енгізуге мәжбүр.