Аймақтар • 11 Шілде, 2020

Атырауда жазғы дәмхана өртенді

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше облыс орталығындағы жазғы дәмхана өртеніп, екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда жазғы дәмхана өртенді

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, "Шашлычок" дәмханасындағы өрт 10 шілдеде сағат 17:01-де тұтаныпты.

"Жарбосынов көшесінің №83 мекенжайында орналасқан жазғы дәмхананың жалпы ауданы 120 шаршы метрді құрайды. Өрттің салдарынан жазғы дәмхана толықтай жанып кетті. Дәмхана ауласындағы  144 шаршы метрлік үйдің кіреберіс бөлмесінің есігі мен терезесінің сыртқы қаптамасы,  1992 жылы шыққан Зил-ММЗ-4502 маркалы автокөлігі жанды. Сондай-ақ, тағы бір үй мен 40 шаршы метрлік гараждың төбе жабындысы бүлінді" -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Тілсіз жаудан  1953 жылы туған азаматшаның екі аяғы мен иығын күйік шалды.  Ол 15-20 пайыздық күйікпен аурухананың нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Ал,  екі қолы күйген 1997 жылғы азамат  дәрігерлік көмек көрсетілгеннен кейін  үйіне жіберілген.

Өртті сөндіруге арнаулы қызметтің 25 қызметкері мен 5 техникасы өртті жұмылдырылып, жалын сағат 18:40-та толықтай сөндірілді.