Коронавирус • 11 Шілде, 2020

Қазақстанда айына 54 жасанды тыныс алдыру аппараты өндіріледі

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда айына 54 жасанды тыныс алдыру аппараты өндіріледі

Вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында елімізде жасанды тыныс алдыру аппаратының (ИВЛ) өндірісі қолға алынғанын айтты.

"Денсаулық сақтау және қаржы министрліктерімен бірігіп, жасанды тыныс алдыру аппаратын өндіруді ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Яғни, аталған аппарат өндірісінің қаржыландыру тетігін жеңілдету және олардың нақты тізімін есептеп, өңірлерге жеткізу бойынша. Алдын ала болжам бойынша жасанды тыныс алдыру аппараттарына қажеттілік - 3 мың бірлік. Оны біздің отандық өндірушілер жылдың соңына дейін өндіреді. Өндірістің орташа қуаттылығы - айына 54 бірлік", -  деді Ержанов. 

Сондай-ақ, ол алғашқы 50 жасанды тыныс алдыру аппараты осы айда ауруханаларға жеткізілетінін атап өтті.

Министр орынбасарының айтуынша, аппаратты негізгі өндірушілер - "БАРК Технолоджи" ЖШС, "Казахстан инжиниринг" ЖШС. Олар осы аппараттарға деген қажеттілікті жабуы қажет. Егер аппараттарға қосымша қажеттілік туындаса, "Орал медрегион" ЖШС, "Казмедприбор" ЖШС-ға үміт артамыз. Бұл орташа есеппен айына 386 аппарат немесе жыл соңына дейін 1 930 бірлік.