Білім • 11 Шілде, 2020

Биыл оқушыларға мектеп формасын кию уақытша міндеттелмейді

999 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов  ОКҚ ұйымдастырған Білім және ғылым саласындағы өзекті мәселелер жөніндегі брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл оқушыларға мектеп формасын кию уақытша міндеттелмейді

"Біз бұл бұйрыққа арнайы тармақ енгіземіз. Яғни ол тармаққа төтенше жағдай, карантин, шектеу шаралары мен басқа да форс-мажор жағдайлар жатады. Дәл осындай жағдайларда балаларға классикалық іскерлік киіммен келуге рұқсат береміз», - деді Асхат Аймағамбетов.

Ата-аналардың  мектеп формасын алуға жағдайы болмаса балаларға қарапайым классикалық киім алып беруге болатын айтқан министр бқл шешімнің қазіргі жағдайда шешімі зор екенін баса айтты. 

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында әкімдіктер жаңа оқу жылына дереу дайындалып, мектептер мен жекелеген мұқтаж отбасыларды қажетті техникамен жабдықтауға тиіс екенін айтқан.

"1 қыркүйекте жаңа оқу жылы басталады. Министрліктің бұл оқиғаға дайындығына күмәнім бар. Балалар қалай оқиды – мектепте немесе қашықта? Мұғалімдердің жаңа оқу жылына дайындығы қандай?", - деп сұрақ қойып еді.