"Біз баспамен келісіп қойдық. Оқулықтардың электронды нұсқасы қолжетімді болуы керек. Біз де, баспа да қазіргі уақытта жүргізіп жатқан ең маңызды жұмыстардың бірі осы", - деді министр.
Министр қыркүйекте балалар қандай форматта оқиды деген сұраққа жауап берді. Оның айтуынша осы үш бағыт бойынша дайындық жұмыстар қызу жүргізілуде. "Осы үш нұсқа Денсаулық сақтау министрлігімен, басқа да мемлекеттік органдармен талқылану үстінде. Оның қыр-сырын зерттеу бойынша жұмыс топтары бар. Іске ғалымдар мен педагогтарды, мектеп директорлары мен сарапшыларды тарттық. Сол себепті қазіргі уақытта барлық өңірде үлкен талқылау жұмыстары жүргізілуде. Осыған дейін әлеуметтік желіде тарап кеткен слайд-материал Білім және ғылым министрлігіне тиесілі емес. Оны мектеп деңгейінде талқылағандардың бірі таратуы мүмкін", - деді А.Аймағамбетов.