Білім • 11 Шілде, 2020

Биылғы оқу жылын бастаудың үш нұсқасы жарияланды

477 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің онлайн форматтағы тілшілермен кездесуінде Білім және ғылым министрлігінде елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, әзірлеген үш негізгі нұсқасы бар екенін айтты - деп хабарлайды Egemen.kz

Биылғы оқу жылын бастаудың үш нұсқасы жарияланды

Министрдің айтуынша бірінші нұсқа – қашықтан оқыту. Бұл нұсқа таңдалған жағдайда алыстағы елдімекендерді есептемегенде қалғанының бәрі қашықтан оқытылады.

Екінші нұсқа – іштей және қашықтан оқыту. "Бұл жағдайда шектеу болуы керек: мектепте міндетті түрде термометрия, санитайзерлер болуы тиіс. Әлеуметтік қашықтық сақталып, сабақтар қысқартылуы керек. Яғни кабинеттік жүйелер алынуы тиіс", - деді министр.

Министр ұсынған үшінші нұсқа - штаттық режимде қатаң санитарлық шектеу шаралары сақтала сабақты жалғастыру. Яғни балалар іштей оқиды да, қоңырау, сыныптардың толымдылығы, ауысым, кабинеттік жүйелерді алудан бастап асханаға баруға дейінгі шектеу шаралары күшінде болады.

Асхат Аймағамбетов бұл үш нұсқа да қазір толықтырылып, талқылауда екендігін айтты. Нақты қай нұсқа іске асатындығы алдағы уақытта мәлім болады. 



Соңғы жаңалықтар