Пікір • 13 Шілде, 2020

Сенім факторы – өте маңызды құрал

603 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Президент Қ.Тоқаев дағдарыс қоғамдағы әлеуметтік сәй­кессіздікті, азаматтардың орталық және жер­гілікті билікке деген теріс пікірі мен сенімсіздігін көрсетті. Мемлекеттік басқаруды қайта құру қажет. Ол жергілікті өзін өзі басқаруды айтарлықтай күшейтуді көздейтін саяси реформалардың бір бөлігіне айналады, деді.

Сенім факторы – өте маңызды құрал

Коронавирус пандемиясымен күрестің жарты жылынан кейін сарапшылар алғашқы қорытындыларын шығара бастады – кім, қай мемлекет және ұлт COVID-19 қатерін жеңіп шыға алды. Сонда алғашқы қорытындылар мынадай: «типтік емес пневмония» эпидемиясын өткерген елдердің тәжірибесі коронавируспен күрестегі жетістіктің маңыздылығы жағынан бірінші факторы болды (SARS, 2003 жыл, инфекцияның таралуы бо­йынша бақылау шараларымен тоқтатылды). Ал жетістіктің маңыздылығы жағынан екінші фактор – сенім. Пандемия жағ­дайында вирустың таралуына тосқауыл қою­дың жетістігі тікелей мемлекеттік бақылау тетік­терінен емес, азамат­тар­дың ерікті қатысуына тәуелді. Ал азаматтардың қатысуы олардың мемлекетке, мем­лекеттік органдарға сені­мі­не негізделеді.

Біздің сарапшылар, әлеуметтанушылар, саясаттанушылар қоғамдағы сенімнің жеткілікті жоғары деңгейде емес екенін бұрыннан айтып келеді. Егер әдеттегі жағдайда бұл өте теорияландырылған қорытынды сияқты естілсе, онда пандемияның жарты жылында сенімсіздіктің «қолданбалы» сипатын – үрей туғызу және жоғары деңгейдегі белгісіздік, инфодемия, мемлекет пен азаматтардың әрекеттерінің келісіл­меуін бәріміз сезін­дік.

Өкінішке қарай, мем­ле­кеттік секторға сенім дең­гейі шешуші көр­сет­кіш болып табыл­май­ды, ол орталық мем­ле­кеттік орган­дардың стра­тегиялық жос­пар­ла­рын­да, өңірлерді дамыту бағдарламаларында жоқ. Ал бүкіл әлемде мемлекетке деген сенім тө­мен­нен жоғарыға – жер­гілікті басқарудан орта­лыққа қарай қалып­та­са­ды (Edelman Trust Barometer 2020, мем­лекет­тік бас­қа­рудың әртүр­лі дең­гейіндегі сенім дең­гейін салыстыру).

Сондықтан халықтың ең алдымен қала, елді мекендер, аймақтар әкімдеріне деген сенімін арттыру міндеті COVID-19-ға қарсы күрес стратегиясының бір бөлшегіне айналуы қа­жет. Себебі сенім қоғам­ның мінез-құлықтық ұста­ны­мына байланысты кез келген мемлекеттік сая­сат үшін өте маңызды.

Ашық мемлекет саясаты бұдан былай қарай бір-екі орталық мемлекеттік органның ведомстволық міндеті болып қалмауы керек. Сенім көрсеткіштері мемлекеттік жоспарлау, өңір­лік саясат жүйесіне енуі қажет, мемлекеттік сек­тордағы кадрлық ше­шім­­дер үшін негізге айналуы тиіс.

Бюджеттің мәлімет­те­рін, есептерін және ашық­­тығын жария­лау тура­лы алғашқы кешенді сая­сат 2015 жылы «100 нақты қа­дам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберінде енгізілген болатын. Қазір оларды қайта бағалау, қа­таң­­дату және жетілдіру уа­қы­ты келді.

Бүгінде халықтың мем­ле­кеттік жүйелерге, қызмет көрсету сервистері мен провайдерлеріне, сондай-ақ жеке адамдарға деген сенім деңгейін анықтау бойынша жүйелі зерттеулер өткізу қажет.

 

Сабина САДИЕВА,

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары