Пікір • 13 Шілде, 2020

Жауапкершілік танытайық

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде еліміз, жалпы бүкіл дүниежүзі ауыр кезеңді бастан өткізіп жатқаны белгілі. Өкінішке қарай, төтеннен келген індет салдары әрбір отбасын айналып өтпей отырғаны да анық.

Жауапкершілік танытайық

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен отырыста  COVID-19 вирусына қарсы мемлекет тарапы­нан атқарылып жатқан ша­ра­ларға, сондай-ақ алда атқа­рыл­уы тиіс жұмыстарға тоқталды. Тиіс­ті жо­ғары лауазым ие­ле­­рі мен мемлекеттік қызметкерлерге осы мә­се­леде үлкен жауап­кер­ші­лік жүктелетінін атап көр­сетті.

Халқы­мыз небір нәубет жылдарын бас­тан кешірді. Бұл індеттен де ары­ла­рымыз анық. Мемлекет басшысының 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялауы – әр салада өзіндік үлес қо­сып жүрген белгілі қоғам қай­раткерлерінен, жалпы жақынынан айырылған әр отбасының қамкөңілін жұ­ба­­ту деп түсінеміз.

Береке-бірлігіміз жа­рас­­қан хал­қы­мыз­дың аман­ды­ғы үшін әрқай­сы­мыз зор жауапкершілік танытып, бірлесе күресейік, ағайын!

 

Әбдіманап БЕКТҰРҒАНОВ,

Парламент Мәжілісінің депутаты,

Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі