Табиғаттың тосын мінезінен Теміртау қаласы да зардап шекті. Екі қалада да ғимараттардың төбесінен құлаған қаңылтыр шатыр автотұрақта тұрған көліктердің үстіне түсіп, оларға елеулі зақым келтірді.
Дауыл және іле-шала болған нөсер жаңбырдан кейін коммуналдық қызметтер мен төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары бірден іске кірісіп, апаттың салдарымен күресті шұғыл түрде ұйымдастырды. Келтірілген нақты зақымдар мен зардаптардың ауқымы анықталу үстінде.
Қазіргі уақытта Қарағанды қаласы бойынша электр қуаты Оңтүстік-Шығыс ықшам ауданында, ішінара Майқұдық, Пришахтинск және Сұрыптауелді мекендерінде қалпына келтірілді.
Жоғары кернеулі желілердің үзілуіне байланысты облыс орталығындағы Михайловка, Федоровка және Пришахтинск елді мекендеріндегі жеке секторларға электр қуаты таңға қарай беріліп қалуы мүмкін. Қазіргі уақытта арнайы бригада бұл жерлерде апат салдарын жоюмен айналысып жатыр.
Ал қаладағы жарықсыз қалған ауруханалар апаттық жағдайларға арналған қуат көздерінеқосылды.