Әріптестерінің айтуынша, өткен аптада журналистен коронавирус анықталған. Артынша пневмония дерті де асқынған. Сондай-ақ, марқұмда басқа да аурулары болғаны анықталыпты. Науқастанған ол әріптестерінен дәрі-дәрмек сұрап хабарласқан.
Айта кетейік, Мира Мұстафина ұзақ уақыт бойы "Литер" газетінде журналист болды. Оның түрлі тақырыптарға, соның ішінде медицина, мәдениет, әскери тақырыптардағы материалдары өз оқырманын тауып, өзекті мәселелердің шешілуіне арқау болған еді.