Пікір • 14 Шілде, 2020

Бұл – мылтықсыз майдан

693 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл – қазақтың басына ғана емес, барша адамзат баласына келген зұлмат болып отыр. Шартарапты шарлаған індеттен қайтыс болған азаматтардың отбасыларына қайғыра көңіл айтамын.

Бұл – мылтықсыз майдан

Елімізде жасы бар, жасамысы бар талай азаматты індет жалмап алды. Халқымыздың тарихында бұ­рын да нәубетті жылдар болған. Ол тауқыметтен де сүйретіліп, зорға аман қалдық. Енді мына індет бетпе-бет келіп тұрған жау емес. Бұл  – Шерхан Мұртаза айтқандай, «мылтықсыз майдан». Осы жолда Президенттің өзінен бас­тап күресіп жатыр. Әсіресе дә­рігерлердің еңбегі өте зор. Өкі­нішке қарай, аты жаман ауру әлі де өршіп тұр. Жан-жақ­тан келген қаралы хабарлар желдей есуде. Бұған жүрек сыздап, қабырғамыз қайысып отыр. Дегенмен, осындай сынақ уақытта осалдық танытпауымыз керек. Бұл кезеңде ең үлкен батырлық – әркімнің өз жауапкершілігі. Қатаң шараларды сақтап, үйде оқшаулансақ, елімізге, экономикамызға көрсетілген үлкен күш болмақ.

 

Темірхан МЕДЕТБЕК,

ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты