Әлем • 15 Шілде, 2020

ДДСҰ: Көптеген ел пандемиямен күресте дұрыс бағыт таңдамаған

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы біраз елде CОVID-19  қайта өршіп тұрғанын айтады. Сондықтан, бұрынғы шектеу шаралары қайта енгізіліп жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.  

ДДСҰ: Көптеген ел пандемиямен күресте дұрыс бағыт таңдамаған

Десе де, көп мемлекет өзін-өзі оқшаулауға келгенде қауқарсыздық танытып отырған көрінеді. Халықаралық ұйым директорының айтуынша, көптеген ел әлемдік пандемиямен күрес жүргізгенде дұрыс бағыт таңдамаған. Күресте қате жіберген  елдер қатарында Қазақстан да бар.

Ұйым өкілінің айтуынша, ұлттық үкімет адам өмірін құтқару және қауіпті індетті жұқтырғандардың санын азайту мәселесін азаматтарға нақты түсіндірмесе, жағдай одан сайын ушығады.

"Көпшілік арақышқтық ұстау, қол жуу, бетперде тағу секілді ең қарапайым ережелерді сақтамаса, әлемдік пандемияның одан әрі күшеюіне жол ашып береміз. Жағдай өте қиын", - деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус.

Естеріңізге салайық, қазір бүкіл әлемде эпидемиялық жағдай нашарлап барады. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да мойындап отыр.