Әлем • 15 Шілде, 2020

Әлемде эпидемия өршіп тұр

403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемде коронавирус жұқтырғандар 13 миллионнан асты. Құрбандар саны 573 мыңға жуықтап қалды. Эпидемия қайта өршігендіктен, көптеген елде шектеу шаралары қайта орнатылып, маска тағу міндетке айналды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемде эпидемия өршіп тұр

Мәселен, Англияда шілденің 24-нен бастап, маска тағу міндеттеледі. Ал АҚШ-тың  Калифорния штатында карантин қайта жарияланды. 40 миллион тұрғыны бар бұл штатта соңғы екі аптада коронавирус жұқтырғандар қатары 20 пайызға өсіп, интенсивтік терапияны қажет ететіндер тез көбейіп жатыр.

Әлем бойынша Құрама Штаттар - коронавирус пандемиясынан ең көп зардап шеккен мемлекет. Мұнда COVID-19 диагнозы 3,3 миллиондай адамға қойылып, қайтыс болғандар 135 мыңнан асты.

Азияда да эпидемияның жаңа жағдайы көп тіркеліп жатқандықтан, карантиндік шектеулер қайта күшейтіліп жатыр. Вирус жұқтырғандар көбейгендіктен, Гонконгта сейсендібен бастап әлеуметтік алшақтық тәртібі қайта енгілізіп, жергілікті саябақтар жабылатын болды. 

Жапонияда да жағдай ушығып тұр. Токиода 20 шақты адамнан жұқпалы инфекция табылғаннан кейін олармен бір залда театралдық қойылым тамашалаған 800-дей адам іздестіріліп жатыр.