"Астана Балет" театры, елордалық ұжым тарихындағы ең қысқа, жетінші театр маусымын аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz театрдың PR қызметіне сілтеме жасап.

Биыл, наурыз айында коронавирус пандемиясының салдарынан театрдың үйреншікті тіршілігі үзілгеніне қарамастан, Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауы арқасында, айналдырған бес айдың көлемінде ұжым айтулы премьераларын өткізіп, Қазақстан қалалары мен алыс және жақын шет елдерге гастрольдік сапарларын ұйымдастырды.
Биылғы маусым Ташкент қаласындағы Өзбекстан Үлкен театрының сахнасында өткен гастрольден басталды. Юрий Григоровичтің "Махаббат туралы аңыз" үш актілі балеті, сонымен бірге, театрдың дәстүрлі "Ұлы Дала мұрасы" бағдарламасы мен "A Fuego Lento" бір актілі балетін өзбек көрермені ерекше ықыласпен қабылдады. Театр қойылымдарын көрермен қауым ғана емес, шет елдік әріптестер де жоғары бағалады. "Астана Балет" -қабылдауға тұрарлық тәжірибе", - деп атап өтті Ресей халық әртісі Андрис Лиепа.
Бұдан кейін, театр Ұлыбританияға алғашқы сапарына дайындала бастады. "Астана Балет" театры тәуелсіз Қазақстан тарихында аңызға айналған Ковент-Гарден театрының сахнасында өнер көрсеткен алғашқы ұжым еді.Үш күндік көрсетілімге билеттер гастроль басталардан бірнеше ай бұрын сатылып, британ баспасөзі мен жергілікті сыншылар қазақстандық труппаның өнерін жоғары бағалады. Айталық, британдық "Таймс" әртістердің келбеті мен өжет сымбатын, сонымен бірге, "Ұлы Дала мұрасы" ұлттық бағдарламасының әсемдігін ерекше атап өтті. "Broadway World" басылымы "Соломея" бір актілі балетінің баяндау тәсілін көлемді операмен салыстырып, хореограф Мукарам Авахридің пластикалық тіліне тәнті болды.
Маусымның алғашқы премьерасы – хореограф Джордж Баланчиннің "Кончерто Барокко" қойылымын маэстроның шәкірті – Нанетт Глушак сахналады. Қысқа ғана бір актілі балет, қанша дегенмен, ұзақ дайындық пен әртістердің шеберлігін талап етті. Америкалық неоклассиктің хореографиясы орындаушылықтың мінсіз дәлдігі мен тазалығын қажет етеді.
Сол кезде, Халықаралық балет күніне орай, "Ашық есік күндері" ұйымдастырылып, кез-келген адам театрға тегін кіріп, сахна шымылдығының сыртындағы сырға қанығып, "Еуразияның жеті шымылдығы" көрмесімен танысып, сонымен бірге, балет пен оның тарихы жайлы қызықты дәрісті тыңдай алды.
Сонымен бірге, ұжымымыз Павлодар қаласы мен АҚШ-тың төрт қаласына гастрольдік сапарын өткізді: Сан-Франциско, Лос-Анджелес, Сан-Диего және Эскандидо. Мұнымен қоса, театр әртістері Димаш Құдайбергеновтың Нью-Йорктегі (АҚШ) "BarclaysCenter" аренасы мен Мәскеулік Кремльдегі жеке концерті мен Мәскеудегі Қазақстан мәдениетінің күндері аясындағы фестивальге қатысты.
"Астана Балет" театрының шет елдік концерттерін ұзын-саны 30000 адам тамашалады.
Театрдың шығармашылық ұжым мүшелері мемлекеттік наградалармен марапатталды: жетекші солист Татьяна Тен "Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері" атағына, грим цехының меңгерушісі Яковенко Валентина - "Ерен еңбегі үшін" медаліне ие болды.
Желтоқсан айында, қазақстандық балет тарихында алғаш рет, Сергей Прокофьевтің музыкасына "Күлше қыз" балетінің премьерасы өтті. Премьералық көрсетілімдерге билеттер бір ай бұрын сатылып кетті.
Биыл, жыл басында театр ұжымы Алматы, одан кейінАтырау қалаларына ауқымды гастролін ұйымдастырып еді. Дегенмен, ТЖ режимі енгізілгендіктен, Атырауда тек бір-ақкүн өнер көрсеткен болатын. Алматы және Атырау қалаларындағы театр көрсетілімін тамашалаған көрерменнің жалпы саны 4000 адамға жуық.
Театрдың биылғы маусымында 10 бағдарлама, соның ішінде, екі премьера көрсетіліп, оны, шамамен, 12 000 адам тамашалады. "Сахна сыры" танымдық экскурсия жобасына 250-ден артық адам қатысты.
Карантин тәртібі енгізілгендіктен, Театр қашықтан жұмыс істеу әдісіне ауысып, Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 6 бірегей онлайн-жобаны жүзеге асырды.
Ұжым "Eurasian Dance Festival" аясында өткен 3 спектакльді көрсетіп, сонымен бірге, Ұлы Жеңістің 75жылдығына орай, "Ұлы Дала мұрасы" онлайн-концертін өткізді.
"Онлайн Театр" арнайы жобасы іске қосылып, соның аясында әлемдік балет жұлдыздарымен бес тікелей эфир өткізілді: Әлия Танықпаева, Яна Саленко, Айдос Зақан, Татьяна Тен. Қолданушылардың ұзын-саны 163 000адамнан асты.
Театр мен оның тарихына байланысты "On Stage/Online" атты бірқатар онлайн-экскурсиялар өткізілді. Бұл жоба өнердің осы биік үлгісінің қалыптасуы, оның этикасы, оны жаратқан жандар мен көрермендер жайлы баяндайды. Эфирде болған екі шығарылымды 98 000 қолданушы тамашалады. Еліміздегі эпидемиологиялық жағдай күрт ушыққандықтан, келесі сериялардың түсірілімі кейінге шегерілді.
Сонымен бірге, театр ұжымы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен "Қазақтелеком" АҚ бірлесіп жүзеге асырған "Карантиндегі жұлдыз" онлайн-жобасына да қатысты. "Астана Балет" театрының әртістерімен өткен шығарылым ерекше ілтипатқа бөленіп, 30 000 мәрте қаралды.
Тігін цехының қызметкерлері 2000 астам медициналық бетперде тігіп, №4 балалар емханасына табыстады.
Өкінішке қарай, коронавирус пандемиясы театрдың көптеген жобасына әсер етпей қоймады. Семей қаласына гастроль өтпей, "Бейбарыс Сұлтан" балетінің премьерасы кейінге шегеріліп, Джордж Баланчиннің "Лағыл" премьерасына дайындық белгісіз мерзімге шегерілді.
"Астана Балет" театры басшылығының айтуынша, жоспарланған премьералар мен көрсетілімдердің бәрі, еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға қарай, жаңа, сегізінші театр маусымында жүзеге асырылмақшы.
Электронды сауда-саттық қайтсе дамиды?
Экономика • Кеше
Мемлекеттік қызметте әйелдердің үлесі қанша?
Қоғам • Кеше
Пандемия гүл нарығына әсер етті
Қазақстан • Кеше
Қаржы • Кеше
Қостанайлық полицей сыныптасын атып өлтірді
Аймақтар • Кеше
400 мыңнан астам ақмолалық электронды-цифрлық қолтаңба алды
Аймақтар • Кеше
Қаржы • Кеше
Түркістан облысында мереке қарсаңында үшем дүниеге келді
Аймақтар • Кеше
Алтай Көлгінов әйелдер күні мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Атырауда базарлар мен сауда үйлері күн сайын жұмыс істейді
Аймақтар • Кеше
Низами Ганжәуиге арналған веб-конференция өтеді
Қазақстан • Кеше
Президенттің таңғы серуендегі фотосы жарияланды
Президент • Кеше
Қызылордада Қажымұқан турнирі өтті
Спорт • Кеше
Шымкент қаласының әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады
Аймақтар • Кеше
Нұрлан Нығматулин 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Қостанайда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталығы ашылады
Аймақтар • Кеше
«Маттео Пеликоне»: Қазақстан үш алтын жеңіп алды
Күрес • Кеше
Мәулен Әшімбаев нәзік жандыларды мерекемен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Елімізде коронавируспен ауырған 238 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Қазақстанда 480 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Кеше
Асқар Мамин қазақстандық әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Мемлекет басшысы әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады
Президент • Кеше
10 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Қостанай облысының әкімі 100 жастан асқан әжелерді құттықтады
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Маңғыстауда стоматологиялық клиникаға шабуыл жасады
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Қазақстанның қай аймақтарында жолдар ашылды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Жапония халқы Олимпиаданың өтуіне қарсы шеруге шықты
Әлем • 07 Наурыз, 2021
Елордалық спортшылар қарттар үйіндегі аналарды құттықтады
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Шымкентте тәртіп бұзған қоғамдық тамақтану орындары анықталды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Атырауда шағын несие кеңсесінен 400 мың теңгені тонап кетті
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналардың 5 қабаттан құлағаны рас па?
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
АҚШ-та COVID-19-қа қарсы 2,9 миллион вакцина салынды
Әлем • 07 Наурыз, 2021
Қызылордада 1000 отбасыға азық-түлік себеті таратылды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Атыраулық оқушы АҚШ университетінің грантын иеленді
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Салғырт құрылыс компанияларын қара тізімге енгіземіз - Алтай Көлгінов
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Шетелден 307 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • 07 Наурыз, 2021
Спорт • 07 Наурыз, 2021
Қостанай қазақ театры көрермендерімен қайта қауышты
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Жансай Смағұлов күміс медальді иеленді
Спорт • 07 Наурыз, 2021
Пневмонияның 52 және 3 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • 07 Наурыз, 2021
Елімізде 568 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • 07 Наурыз, 2021
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • 07 Наурыз, 2021
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Елімізде алғаш рет «Домалақ ана» операсы сахналанды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
ШҚО аумағында шектеу шаралары 20 наурызға дейін ұзартылды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтанда 2000 мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеті табысталады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
СҚО полициясында 374 қыз-келіншек қызмет атқарады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан суперкубогын жеңіп алды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Қазақстандық шорт-трекшілер әлем чемпионатында жартылай финалға шықты
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Алматының ортасындағы көше опырылып қалды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Елорда базарларында жұмыс істейтін әйелдерге еріктілер 600 гүл таратады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Теңіз кенішіндегі бес автобус өртінің себебі анықталды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Боксшылар әзірге төрт қола алды, тағы екеуі финалда
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Тараз қаласында 135 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Жансай Смағұлов жүлдеге таласады
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Экология министрлігі Қарағандыдағы арыстан жөнінде пікір білдірді
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
8 наурыз күні хоккейден балалар турнирі өтеді
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Елорданың Достық үйінде 8 наурызға орай қайырымдылық акциясы өтті
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Оралдық магистранттар қазақ әдебиетін оқиды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Әлем • 06 Наурыз, 2021
Қазақстан мен Қырғызстан «Қордай», «Ақ жол» өткізу бекеттерінің ашылуын талқылады
Қазақстан • 06 Наурыз, 2021
Қазақстанның қай өңірлері «сары» аймақта тұр
Қазақстан • 06 Наурыз, 2021
Ұқсас жаңалықтар