Әлем • 15 Шілде, 2020

Өзбекстанда эпидемия басталғалы ең үлкен көрсеткіш тіркелді

963 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта Азия елдерінде пандемия күшейіп келеді. Кейінгі күндері  Өзбекстанда бір тәулікте 600-ге жуық адам коронавирус жұқтырды. Бұл – эпидемия басталғалы тіркелген ең үлкен көрсеткіш, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзбекстанда эпидемия басталғалы ең үлкен көрсеткіш тіркелді

Жалпы, Өзбекстанда коронавирус диагнозы 14 мыңға жуық адамға қойылып, 60-тан астымы қайтыс болды. Науқастар саны  артқандықтан, көрші ел шілденің 10-нан тамыздың 1-не дейін қайта карантин жариялады.

Тәжікстанның Худжанд қаласында коронавирус жұқтыру оқиғалары бірнеше есеге өскен. Мұны шаһардың COVID-19 тарауына жол бермеу штабы хабарлады. Республикада инфекцияны 6500-дей адам жұқтырып, 50-ден астам адам көз жұмды.

Қырғызстанда коронавирус 11 мыңнан астам адамнан табылып,  450 тұрғын қаза тапқан. Науқастарды қабылдау үшін  күндізгі және түнгі стационарлар ашылды.