Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бұрын ауруханаларға күніне 500-ге жуық науқас түссе, қазір бұл көрсеткіш екі есеге төмендеген.
Коронавирустан сауығып кеткендердің саны 2 есе артқан. Күніне 400-ге жуық адам жазылып шығады. Сонымен қатар, жедел жәрдем шақыру тәулігіне екі есеге азайған.
Пневмониясы бар науқастардың саны да 14% кеміген. Қабылданған карантин шаралары мен амбулаторлық емдеу нәтижесі арқасында төсек-орын қажеттілігі 99%-дан 73%-ға дейін төмендеді.