Әлем • 16 Шілде, 2020

Бельгияда жедел жәрдем мен медициналық қызметтер ақылы

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бельгияда да коронавирус жұқтырғандардың барлығы бірдей ауруханаға жатқызылмайды. Медицина мекемелері тек ауыр жағдайдағы науқастарды қабылдайды, - деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Қазақстан ұлттық телеарнасы мәлімдеді. 

Бельгияда жедел жәрдем мен медициналық қызметтер ақылы

Созылмалы аурулармен ауырмайтын 60 жасқа дейінгілердің індет жұқтырғаны тестпен анықталып жатса, үйлерінде оқшаулануы тиіс. Тұншығу белгілері болмаса жедел-жәрдем қызметіне хабарласып, мазалауға болмайды.

Қарт құрлықта қан қысымыңыз көтеріліп, дене қызуыңыз 40-тан асса да жедел-жәрдем күтпеңіз. Келмейді. Себебі, мұндай жеңіл-желпі аурудан гөрі бригада өртке оранып, жол апатына ұшырағандарға, аса ауыр халдегілерді құтқаруға асығады. Оның өзі біздегідей тегін емес, ақылы. 

"Мәселен, мұнда фельдшерді шақыру - 40 еуро, үйіңізге дәрігер келсін десеңіз 100 еуро, бізше 47 мың теңгедей төлеуіңіз қажет. Пәтеріңізден 5 шақырым жердегі ауруханаға жеткізгеніне кем дегенде тағы 100 еуро бересіз. Содан болар, үнемшіл бельгиялықтар жедел-жәрдем қызметіне жүгінбей, жандары қатты қиналып тұрса да ауруханаға өздері жетуге тырысады. Ешқайсысы үйлерінде өз бетінше емделмейді. Себебі, дәріханаларда антибиотик бейберекет сатылмайды. Бұған Бельгияда жұмыс бабымен уақытша тұрып жатқан қазақстандықтар да бейімделгендерін айтады, - дейді телеарнаның осы елдегі меншікті тілшісі.