Аймақтар • 16 Шілде, 2020

Кәсіпкерлер ауруханаға 160 концентратор алып берді

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралдық кәсіпкерлер 160 концентратор сатып алып, облыс ауруханаларына табыстады. Құрылғылар өкпесі қабынған науқастарды емдеуде аса қажет, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

Кәсіпкерлер ауруханаға 160 концентратор алып берді

Әрі кейбірін жасанды желдету аппараты ретінде қолдануға болады. Сондай-ақ, портативті құрылғыларды кез-келген жерге орналастыру өте қолайлы. Бүгінде өңір бойынша 3841 адам індет жұқтырса, соның 92-сі ауыр халде жатыр. 

Бірлікпен іс қылған "Желаев нан өнімдері комбинаты" акицонерлерінің айтуынша, өңірде коронавируспен күресте өте күрделі жағдай қалыптасып отыр. Осындай қиын сәтте әр көмек өте маңызды.

"Облыс кәсіпкерлері бірлесіп, қолдау көрсету туралы шешім қабылдадық. Қажетті медициналық қондырғылар сатып алуға 100 млн теңге қаржы бөлдік. Бұл біздің ел алдында азамат реіндегі борышымыз", - дейді олар.