Руханият • 16 Шілде, 2020

Каирде “Абайдың Қазақстан халқына өсиеттері” атты кітап жарық көрді

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Каирде Мысырдың Уақыптар министрлігінің уағыз зерттеу департаментінің директоры, белгілітеолог Халед Ас-Саид Ғанемнің "АбайдыңҚазақстан халқына өсиеттері" атты араб тіліндегі кітабы жарық көрді" деп хабарлайды Egemen.kz

Каирде “Абайдың Қазақстан халқына өсиеттері” атты кітап жарық көрді

Қазақстанның Мысырдағы Елшілігі хабарлағандай, мысырлық ғалым өз еңбегінде қазақтың ұлы ақыны жазған "Қара сөздерінің" мағынасын, олардың философиялық мәнін, ұлттық тәрбие мен дүниетаным, мораль мен құқық мәселелеріне көзқарасын түсіндіруге тырысты.

Бұл Халед ас-Саид Ғанемнің Абай мұрасынақатысты және жалпы Қазақстан туралы алғашқыкітабы емес. 2014-2017 жылдары ол "Нұр-Мүбарак" Қазақстан-Мысыр ислам мәдениеті университетінде оқытушы болып жұмыс істеді және қазақ халқының тарихы, діні және мәдениеті туралы көптеген ғылыми еңбектер жазды.

Қазіргі уақытта мысырлық ғалым қазақстандық шығыстанушылармен бірлесіп, "Ұлттық аударма бюросы" ҚР Ұлттық орталығы басып шығаратынАбайдың "Қара сөздері" мен өлеңдерінің жинағын араб тіліне аударуды қолға алды.