Аймақтар • 18 Шілде, 2020

Тұрғындармен тікелей кездескеннің тиімділігі үлкен

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлдық полиция инспекторлары республикалық "Жолда қабылдау" акциясын жүргізуі кезінде оған көптеген тұрғындар, соның ішінде бір мұғалім алғысын білдірді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұрғындармен тікелей кездескеннің тиімділігі үлкен

Әйел мұғалімнің айтуына қарағанда жалғыз ұлы көпжылдан бері жаман әдетке бой алдырған екен. Соны учаскелік инспекторлар Жақсылық Исмақов пен Дәурен Рымбаев қолға алып, түзелу жолына салыпты. "Әрбір кішкентай проблеманың сыртында үлкен адам тағдыры тұрады" демекші учаскелік инспекторлардың үзбей қадағалағандығының арқасында жас азамат түзеліп, арақты қойып жұмысқа кірген. "Мен олардың өз міндетін атқарып жатқанын түсінемін, бірақ міндетті қағаз жүзінде атқару бар да, шын жанашырлықпен кірісу бар ғой. Мына азаматтар әрқашан жанашырлықпен көмекке келді. Менің оларға деген алғысым шексіз", дейді Любовь Анатольевна Яковенко.

"Жолда қабылдау" акциясы өткен екі күннің ішінде полицейлерге 100-ден астам сұрақ келіп түсті. Олардың басым бөлігі – онлайн-форматта. Өтініштерден байқайтын болсақ, солтүстікқазақстандықтарды мазалайтыны мотоцикл жүргізушілерінің түнгі шулы жүрістері. "Алдағы демалыс күндері пайдаланушылар атапкөрсеткен учаскелерде патрульдеуді күшейтпекшіміз. Мотоцикл жүргізушілермен профилактикалық жұмыстар үнемі жүргізіліп тұрады, алайда олар қатаңырақ шара қолдануды күтуде", - деп атап өтті СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Александр Розбах.

"Халықпен кері байланыс – полицияның барлық бөліністері үшін маңызды қадам. Полиция жұмысындағы басымдылық барлық хабарламаларға, оның ішінде онлайн-форматта шұғыл әрекет ету болып табылады", - деді СҚО ПД бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев жарты жылдықтың қорытындысы бойынша жуырда өткен онлайн-кеңесте.

Солтүстік Қазақстан облысы