Ұлтқа қызмет ету деген не?.. Білекті сыбанып, адыраңдау ма... Әлде қазіргі уайымнан арылып, ертеңгі күннің мүддесіне еңбек ету ме... Азапты бастан кешіп жатқан тек қазақ халқы емес, адамзат әлемі бұл қатерден бас сауғалап, қамданып жатыр.

Бүгін Франция мен Ұлыбритания пандемияның ең апатты екінші толқынына дайындықтарын айтып, дабыл қағып отыр. Ұлыбритания екі жүз елу мыңға жуық адамынан айырылу қаупі бар екенін халқына жария етті.
Ал біздегі жағдай не болмақ?
Ең қатерлі кесапат – дағдымыздан арыла алмай, бір-біріне ауру жұқтырып жатқан өз тірлігіміз. Осы әрекетімізге тыйым болмаса, ұлттың түбіне басқа емес өзіміз жетеміз. Гонконгта сақтық шараларын ұстамағандарды алты ай түрмеге қамайтын заң шығарды. Ұлтымыздың қауіпсіздігін айтсаң, тасада отырып тас атып, елді шатастыруға пәрмен жинап, көлеңкеде ұпай жинағыш «кемеңгерлер» пайда бола қалады. Сондағы олардың тілегі, мұраты не?..
Иә! Халықтан үлкен ешкім жоқ екені рас! Халық – көптен тұрады. Көпте ақыл болатынын, болмайтынын данышпандар айтып кеткен. Халық – киелі, көңіліне қонғанын ақылына салады. Аузы дуалысының сөзіне жүгінетін де сол – халық. Заңына мойынсұнатын да – халық. Заңына бағынбаса опық жейтін де – халық. Даналығымен тығырықтан шығар жолды іздейтін де – халық. Сол халықтың ұл мен қызы – сіз бен біз. Көлгірсісек – шындықтың аяғына тұсау боламыз.
Кеңестік жүйеде де мемлекеттік лауазымдарда ұлттық кадрлар аз болды. Ал жазушылардан жоғары лауазымда болғандар саусақпен санарлық еді. Бүгінгі қазақ баласы ағалаған: Шерхан Мұртаза, Әкім Тарази, Әбіш Кекілбайұлы, Төлен Әбдік сынды тұлғаларымыз болды. Билік пен халықтың ортасын тең ұстаған мемлекетшіл тұлғаларымыз, қоғам қайраткерлері қаншама. Жалы күдірейгеннің жалынан сипап, тізеге көнбеген тентегіне тыйым салмаса биліктің де абырой құдіреті үстем бола ала ма?
Қазіргі қазақ қоғамын бұрынғымен салыстыруға болмас. Бірі елдің мұратын ойласа, бірі өз «көжесінің» дәмінен аса алмайды. Бірі – елдің жоғын жоқтаса, бірі – өзінің кредитін «халықтың қазынасынан алып жауып берсін!» деп жар салады.
Әртүрліміз... сан алуанбыз... Бірлігіміз де дәл солай болып тұр. Әрқилы әңгімеміз бар. Берекесіздік белең алып, өзіміз бен өзіміз іштей «соғысып» жатқандаймыз. Қиындық мәңгі болатындай, жарық күн сөніп, түн астында мәңгі қалатындай үрейге қамалдық. Қиындық пен жеңіс ерлі-зайыптылардай, әуелден бірге емес пе... Бүгінгі қиындық еңбекпен келген ертеңгінің жеңісі болмақ емес пе.
Тәуелсіздіктің ақиқатын – сойылын соққан жалған намыстың тасасына қалдырып кеткен жоқпыз ба?!.
1986 жылы желтоқсан оқиғасына қатысқан біздің басты арманымыз не еді?.. Тәуелсіздік дегенді мемлекет басшысының қазақ болғаны деп түсіндік. Басшымыз қазақ болса, қосшысы халқы болады деп жан берістік. Арманымыз қазақ келсе, ырысымыз молаяр, теңдігіміз теңелер дедік. Тәуелсіздігімізге қол жеткенде «Ел болдық, енді өзге ұлттан кем болмаспыз» дестік. Расында солай болды. Арман қудық, алысты көздедік. Жеткен жетістік те, жетпеген мақсат та тұрды алдымызда. Қазір де сол.
«Ештеңе болмады, ештеңе көрмедік» десек, «көзің шыққыр көрмедің-ау...» деген қарғысқа қалармыз. Өшкенімізді – тірілттік, тыйым салынған дәстүріміз – жаңғырды, дінімізбен қауыштық, Қазақстан деген мемлекетпен санасты. Ендігі мүдде, ендігі жол, ендігі жаңару сатысы басқа арнаға жол бастады. Біз өз көшімізді өзіміз түзей алатын, басшымызды сынай алатын, өз еркіндігіміз өзімізге қызмет ететін, қараның сөзін – хан еститін сатыға көтерілдік.
Мемлекетімізді басқаратын адамға таңдау жасадық. Әлемдік саясатта аты-жөні әлдеқашан дәлелденген, қазақтың ұлы деп мақтанатындай білімі мен парасаты тоғысқан көкірегі ояу, қазақтың есесін ешкімге жібермейтін, халықаралық беделге ие Тұлға басшылыққа келді. Сол тұлғамызды сүріндіруге емес, сүйемелдеуге тиіспіз. Айтқан ақылына бағынуға тиіспіз. «Кімнің аузынан көбік көбірек шашыраса, соның соңыннан тұра жүгіретін әулекілігіміз жан қинайды» деп кетіп еді кешегі дүниеден өткен Әбіш Кекілбайұлы.
Халық пен биліктің арасындағы отқа алақанын талай тосқан тарланымыз еді. Бірде, Парламент Сенатының лифтісіне таудай болып, Әбіш ағай кіріп келді. Мейірімді жүзінен нұры төгіліп, амандасып үлгерген менің қолымнан сүйді де күліп жіберді.
«Осы жұрт мені қанша сынаса да қолдан сүю әдетімді қоя алмадым-ау» – деді, лезде мұңайып. Дәл сол кезде Әбіш ағаның да құлағынан қиқулар кетпей жатқан кезі еді. «Әбіш Елбасының қолынан сүйді», «Әбіш жылады», «Әбіш жағымпазданды» деп құнжыңдасқандар көп еді. Тәуелсіздікке Елбасымен бірге үзеңгілес жүрген Ә.Кекілбайұлы болды. Өмірден өткенге дейін халқына айтатын сөзі де, ұлан-ғайыр ойы да болды. Бірақ ақиқатты айтып үйренейікші, сол қалқамызды да тілдеп, жүндеп, пыш-пыштап: «Бір сөйлесе тоқтамайды» деп ыржақтаған, «регламентті сақтамайды» деп күйгелектенген, «лекция тыңдауға келіп пе едік» деп бошалаған жұрт қазір де өзгере қойған жоқ. Олай болса адамнан да сұрау бар, алауыздыққа бой алдырса халықтан да сұрау бар.
«Жігітке ерлік те оңай, билік те оңай, әгәрәки қабырғалы халқы болса» депті Әбубәкір Кердері.
Елдің тілегі ауызбірлікте ғана түзеледі. «Алабөтен өзімшілдіктің әр жағында алабөтен әлсіздік жатады». Кешегі алған тәуелсіздігіміздің құдіретін елемесек, бүгінгі күннің бәрін күмәнға жеңдірсек, ертеңгімізге ұрпағымызды сендіре алмасақ – біздің әлсіздігіміз болмақ.
Көнеден жеткен сөз бар жадымызда: «Атаңның құнын кешетін, ағаңның – қолын шешетін ертеңгі елдікті айт!» деп кетіпті. Біз де бабаларымыздың осы тілегін жаңғыртқымыз келді.
Роза МҰҚАНОВА,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
жазушы-драматург
Жапония халқы Олимпиаданың өтуіне қарсы шеруге шықты
Әлем • Бүгін, 18:47
Елордалық спортшылар қарттар үйіндегі аналарды құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 17:57
Шымкентте тәртіп бұзған қоғамдық тамақтану орындары анықталды
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Атырауда шағын несие кеңсесінен 400 мың теңгені тонап кетті
Аймақтар • Бүгін, 15:30
Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналардың 5 қабаттан құлағаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 14:48
АҚШ-та COVID-19-қа қарсы 2,9 миллион вакцина салынды
Әлем • Бүгін, 14:07
Қызылордада 1000 отбасыға азық-түлік себеті таратылды
Аймақтар • Бүгін, 12:38
Атыраулық оқушы АҚШ университетінің грантын иеленді
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Салғырт құрылыс компанияларын қара тізімге енгіземіз - Алтай Көлгінов
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Шетелден 307 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • Бүгін, 10:49
Спорт • Бүгін, 10:10
Қостанай қазақ театры көрермендерімен қайта қауышты
Аймақтар • Бүгін, 09:47
Жансай Смағұлов күміс медальді иеленді
Спорт • Бүгін, 09:37
Пневмонияның 52 және 3 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 09:27
Елімізде 568 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:18
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:07
Спорт • Кеше
Елімізде алғаш рет «Домалақ ана» операсы сахналанды
Аймақтар • Кеше
ШҚО аумағында шектеу шаралары 20 наурызға дейін ұзартылды
Аймақтар • Кеше
СҚО полициясында 374 қыз-келіншек қызмет атқарады
Аймақтар • Кеше
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан суперкубогын жеңіп алды
Аймақтар • Кеше
Алматының ортасындағы көше опырылып қалды
Аймақтар • Кеше
Теңіз кенішіндегі бес автобус өртінің себебі анықталды
Аймақтар • Кеше
Боксшылар әзірге төрт қола алды, тағы екеуі финалда
Спорт • Кеше
Тараз қаласында 135 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Кеше
Жансай Смағұлов жүлдеге таласады
Спорт • Кеше
Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Кеше
8 наурыз күні хоккейден балалар турнирі өтеді
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Оралдық магистранттар қазақ әдебиетін оқиды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанның қай өңірлері «сары» аймақта тұр
Қазақстан • Кеше
Дзюдодан Париждегі турнир Қазан қаласына ауыстырылды
Спорт • Кеше
Атырау облысында газдан уланған төрт адам қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Теңіз кенішінде 5 автобус отқа оранды
Аймақтар • Кеше
Пневмонияның 42 және 2 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 200 мыңнан асты
Қазақстан • Кеше
Өткен тәулікте 832 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Қазақстан • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан медицина саласында ынтымақтастықты нығайтады
Медицина • 05 Наурыз, 2021
Алматыда жауын-шашын салдарынан көліктерді ағаш басып қалды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 05 Наурыз, 2021
Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады
Білім • 05 Наурыз, 2021
Үкіметте «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штабтың отырысы өтті
Үкімет • 05 Наурыз, 2021
Алматыда «Жыл құсы-2021» көрмесі басталды
Өнер • 05 Наурыз, 2021
Ashyq қосымшасы арқылы тексерілетін ЖСН мәліметтері қайда жіберіледі
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Екі-ақ төрті бар екен, қалғанының бәрі бес...
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Әр сала үздіктеріне құрмет танытты
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Алматы тауларында қар көшкіні жүреді
Экология • 05 Наурыз, 2021
Жаңа маусымда жергілікті ойыншыларға сенім артты
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
АҚШ-тың екі штатында бетперде тақпауға рұқсат етілді
Әлем • 05 Наурыз, 2021
«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы жарияланды
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Алдағы 9 наурызда Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енеді
Медицина • 05 Наурыз, 2021
Атырауда түрмедегілер туысымен екі тәулікке кездесе алады
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Елордалықтар ақпан айында МӘМС-ке 3,2 млрд теңгеден аса жарна аударды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Нұрлан Ермекбаев ресейлік әріптесі армия генералы Сергей Шойгумен телефон арқылы сөйлесті
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Биыл Жаңақорған ауданынан күн электр станциясы пайдалануға беріледі
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Алматыда гашиш сатқан азамат ұсталды
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
«Қазақалтын» кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қостанай облысында «Көктем - 2021» оқу-жаттығу шарасы өтті
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Футзалдан «Евро-2022» додасының іріктеу ойындары өтті
Спорт • 05 Наурыз, 2021
Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • 05 Наурыз, 2021
Ұқсас жаңалықтар