Аймақтар • 20 Шілде, 2020

Ұландықтар Қостанайда нашақорды қолға түсірді

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17 шілде күні сағат 22.45 шамасында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген Ұлттық ұлан 6697 әскери бөлімінің жауынгерлері есірткі заттарын қолданған ер азаматты ұстады, - деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұландықтар Қостанайда нашақорды қолға түсірді

Әскери жасақ бастығы кіші сержант Жандос Қалиев қасындағы серіктері  Ж. Жақия және Р. Надежкинмен бірге Маяковский көшесінде орналасқан балабақша маңындағы құбыр үстінде отырған ер адамды байқайды.

Оның осы бір оқыс әрекеті әскерилердің күдігін туғызды. Жауынгерлер оқиға орнына құрамында "Джек" атты қызметтік иті мен кинолог маман аға сержант Сергей Обросимов бар автопатрульді шақырды.

Тәртіп сақшылары күдіктіге қауіпсіздік шараларын ескерте отырып, тінту жұмысына қызметтік итті жұмылдырады. Әбден жаттыққан "Джек" азаматтың шалбарының қалтасынан және спорттық сөмкесінен бірден-ақ есірткі заттарын тауып алып шығады.

Мән-жайды анықтау үшін күдікті Қостанай қалалық полиция бөлімінің жедел әрекет ету қызметіне табысталды. Аталмыш қызмет мамандары тексеру барысында ұсталған азаматтың киімінен есірткі оралған 15 дана қағаз бумасын тапты.