Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа дәрі-дәрмекті заңсыз сатудың жолын кесу және карантин шараларын бұзу фактілері туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес мәселелері жөнінде өткен селекторлық кеңесте құқық қорғау, денсаулық сақтау және жергілікті атқарушы органдар дәрілік заттар мен медициналық құрал-жабдықтарды сату бойынша құқықбұзушылықтарды анықтауда және оның жолын кесуде тұрақты түрде ведомствоаралық жұмыс жүргізу қажеттігін баса айтты.
Кеңесте Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев есеп беріп, ІІМ денсаулық сақтау және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп,18 мыңнан астам рейд жүргізгені туралы баяндады.
Көрсетілген кезеңде барлығы 4000-нан астам карантинді бұзушы анықталып, шара қолданылды. Атап айтқанда мұндай жағдай Алматы қаласында, Ақмола, Түркістан, Алматы
және Жамбыл облыстарында көп тіркелді.
Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды заңсыз сатудың жолын кесу бойынша (5 шілдеден бастап) ішкі істер органдары заңсыз айналымнан 65 мың қораптан астам дәрілік препараттарды, жарты миллион медициналық маска мен 36 мың медициналық бұйымды тәркілеген. Олар қымбатқа сатылған.
Сондай-ақ ішкі істер органдары дәрілік заттарды заңсыз сатудың 348 фактісінің жолын кесті. Полицияға 284 адам жеткізілді, оның 138-сі медицина саласының қызметкерлері. Дәрі-дәрмектің көп көлемі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Атырау қалаларында алынды.
Алынған медициналық препараттар аумақтық денсаулық сақтау органдарына беріледі.
Сонымен қатар Е.Тұрғымбаев ішкі істер органдары жүргізіп жатқан қоғамдық тәртіпті сақтау және қолданыстағы шектеу шараларын қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндады. Бұл міндеттерді орындау үшін күнделікті 13 000 полицей, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері және 1000 ерікті жұмыс істеуде. 4 облыста 2 санитариялық және 9 блок-бекет қойылды. 241 жұқтыру ошағы мен 366 карантиндік нысан қоршауға алынды.
Кеңес қорытындысы бойынша, Президент ішкі істер органдары бұл бағыттағы жұмысты жалғастыратынын, ал кінәлілер заңнамаға сәйкес жазаланатынын атап өтті.
Бұл тапсырманың іске асырылуын бақылау Қазақстан Президенті Әкімшілігінің үйлестіруімен Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратына жүктелді.
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 23:55
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Кеше
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Кеше
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Кеше
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Кеше
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Кеше
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Кеше
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Кеше
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Кеше
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Кеше
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Кеше
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Кеше
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Кеше
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Кеше
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Кеше
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Кеше
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Кеше
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Кеше
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Кеше
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Кеше
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Кеше
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Кеше
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Кеше
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Кеше
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар