Аймақтар • 21 Шілде, 2020

Нұр-Сұлтанда барлық компьютерлік томографтар тәулік бойы жұмыс істейді

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада науқастарға медициналық көмекті дер кезінде көрсету үшін барлық компьютерлік томографтардың жұмысы тәуліктік режимге ауыстырылды. Компьютерлік томография covid-19 нәтижесінде пайда болатын пневмония мен өкпедегі басқа да патологияларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Нұр-Сұлтанда барлық компьютерлік томографтар тәулік бойы жұмыс істейді

Елордада он жеті КТ-аппараты бар. Олардың барлығы тәулік бойы жұмыс жасайды. Елорда әкімдігі қосымша тағы екі КТ аппаратын сатып алды. Олар шілде айының соңына дейін қалаға әкелінеді.

Қаладағы барлық 14 мемлекеттік және 2 жеке емханада рентген аппараттары бар. Маусым-шілде айларында барлығы 20 мыңға жуық кеуде қуысына зерттеу жүргізілді.

Соңғы жаңалықтар

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 09:10

Жұбановтан қалған жәдігер

Жәдігер • Бүгін, 08:55

Алаш тұлғасына құрмет

Тағзым • Бүгін, 08:45

Кәсіптің өзгерген келбеті

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:40

Қоныстой қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:30

Тобыл бойындағы тазалық акциясы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:25