Коронавирус • 21 Шілде, 2020

Маска тақпағандар 83 мың теңге айыппұл төлейді

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кейінгі кездері құзырлы органдар тарапынан маска тақпай жүрген азаматтарға арнайы шара қолданылып жатыр. Яғни, медициналық маскасыз көшеге шықсаңыз, айыппұл төлейсіз, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Маска тақпағандар 83 мың теңге айыппұл төлейді

Алматыда да маска тақпағандарға жаза қолданылып жатыр. Режимді сақтамағаны үшін бүгінде 324 адамға және 10 заңды тұлғаға айыппұл салынған.

Ал елордалық мамандар күн сайын көшеде бетпердесіз жүрген адамдарға үгіт насихат жүргізуге кіріскен.

"Жәй түсіндіргенді елемей ерегісіп кететіндер де аз емес. Тегін масканың өзінен бас тартады. Талапқа бағынғысы жоқ", - дейді олар.

Дегенмен тентекті тезге түсіретін тәртіп бар. Мойынсұнбағандар 83 мың теңге айыппұл арқалайды. Өткен демалыс күндері карантин тәртібін бұзған 165 факті анықталды.