Қайырымдылық жүгін жөнелткен азамат атын атамауды өтініп "сырқаттарға шипа болсын!", - деген жалғыз ауыз тілегін жолдаған.
Вирус жұқтырып, өкпесі қабынған адамдарға аса қажетті дене қызуын түсіретін, аурудың ушығуына жол бермеу үшін егілетін дәрілер, иммунитет күшейтетін дәрумендер. Сонау Мәскеуден жеткен жүк көлігіне мұнан басқа да медициналық препараттар тиелген. Бәрі де дәрігерлердің кеңесі бойынша жіберіліпті.
Дәрігерлердің айтуынша, ішінде қажетті дәрілер клеаксан, дексеметазол сияқты қазір тапшы болып табылмай тұрған, антибиотиктер өте көп. Сондай-ақ, 8 оттегі концентраторын да жіберген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлері дәрілердің сыртқы қорабына "тегін таратылады" деген мөр соқты. Атын атамауды сұраған Баянауыл тумасының туған еліне жолдаған жалғыз өтініші осы.
Ауасы шипалы бола тұра Баянауыл өңірінде вирус жұқтырғандар саны басқа аудандарға қарағанда көбірек. Десе де көңілге медеу болып тұрғаны - дәрі жеткілікті. Сырқатты ушықтырмай жылдам емдеп жіберуге мүмкіндік мол, - дейді дәрігерлер.