Бүгін Делиден Алматыға 34 тонна немесе 1,6 миллион қаптамадағы ковидке қарсы препараттар жеткізілді. Бұл Алматы әкімдігінің дәрі-дәрмектердің тұрақтылық қорын құруға бөлген қаржы есебінен сатып алынды.

Егер оқырман есінде болса, маусым айының соңындағы дәрі-дәрмектер тапшылығына байланысты Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың шешімімен індетке қарсы препараттарды көтере сатып алуды қаржыландыру үшін пайызсыз 5 млрд теңге бөлінген еді. Бұдан басқа, ковидті стационарларды дәрі-дәрмек препараттарымен қамтамасыз ету мақсатында резервтік қор құру үшін тағы 5 млрд теңге бөлінді. Қазіргі кезде препараттардың жартыжылдық қорын жасауда жанталас жұмыстар жүріп жатыр десек те болады.
Делиден жеткізілген дәрі-дәрмектерде легінде энаксопарин, гепарин, қабынуға, бактерияларға қарсы – офлоксацин, преднизалон, дексаметазон, цефтриаксон, меропенем, парацетамол, вирусқа қарсы – осельтамивир бар.
"Өткен жұмадан бастап дәрі-дәрмектерге деген сұраныстың төмендегені, ұзақ кезектің азайғаны байқалады. Жалпы, жағдай оңалып келеді. Тұрақтылық қоры арқылы дәріханаларға препараттарды жеткізумен қатар, біз ковидті госпитальдерді дәрі-дәрмектермен жедел қамтамасыз ету үшін резервтік қорды жасап жатырмыз. Дәрі-дәрмектердің жартыжылдық қоры фармацептикалық компаниялардың қоймаларында сақталады, қажет болған кезде бұл препараттар стационарларға бөлінеді", – дейді Алматы әкімдігінің қаланы дәрі-дәрмек препараттарымен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі Заңғар Сәлімбаев.
Оның келтірген мәліметтері бойынша, Алматыға 23 шілдеде Түркиядан "Клексан" препараты жеткізіледі. Жеткізуші бұл препараттың шамамен 40 мың бірлігін әкелетін болады. 31 шілдеге дейін қосымша тағы 150 мың бірліктегі клексан жеткізу жоспарланған. Жалпы, алдағы аптада 300 мыңға жуық антикогулянт тасымалданады.
Бұл – қалаға 10 шілдеден бастап қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізген жетінші рейс. Шілденің соңына дейін тағы екі рейс келеді деп күтілуде. Қалаға жеткізілген дәрі-дәрмектердің жалпы көлемі шамамен 7,5 млн қаптама. Кедендік рәсімдеуден соң препараттар қала дәріханаларына бөлінетін болады.
Қала әкімдігі тарапынан дәрі-дәрмек жүктерінің жедел рәсімделуі үшін пәрменді шаралар жүзеге асуда. МКД-нің Алматы қаласы бойынша "Жетісу" Кеден постысының басшысы Талғат Жаңбырбаев өзінің сөзінде елімізге келіп жеткен медициналық заттары бар гуманитарлық және коммерциялық жүктерді рәсімдеу уақытының едәуір қысқарғанын атап өтті.
"Гуманитарлық жүктер кедендік төлемдерсіз, тез арада рәсімделуде. Рәсімдеу уақыты 5-10 минут. Фармкомпаниялардың коммерциялық партияларын рәсімдеуге 10-20 минут кетеді. Айта кетерлігі, біз қазір тәуліктік жұмыс режиміне көштік. Бұрын түнде келген жүк таңертеңгісін рәсімделетін. Біз қазір келген жүкті дер кезінде рәсімдеп, күндіз де, түнде де дамыл таппай, жұмыс жасаудамыз. Біз үнемі байланыстамыз, өйткені өмірлік маңызы бар жүк бір минутқа да кешікпеуі тиіс", – дейді Талғат Жаңбырбаев.
АЛМАТЫ
Түркістанда жыл басынан бері 124 адамға әлеуметтік көмек көрсетілген
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Тарих • Кеше
Тұрғын үй құрылысы тұраламас үшін...
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қандастардың қатары қалыңдайды
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордада вакцина егудің екінші кезеңі басталады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бас санитардың жаңа қаулысы шықты
Елорда • Кеше
Түркі академиясының басшысы Моңғолия елшісімен кездесті
Руханият • Кеше
Президент 4 оқушыны қаққан мас жүргізуші оқиғасын бақылауға алды
Президент • Кеше
Ақмолалықты пышақтаған қарағанды тұрғыны қолға түсті
Аймақтар • Кеше
Қ.Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс кездесуіне қатысты
Президент • Кеше
Үйсіз қалған көп балалы отбасына жеке компания баспана сыйлады
Аймақтар • Кеше
«QazCovid-in» вакцинасы сәуір айынан бастап өндіріледі
Медицина • Кеше
Елордада тұрақтағы көлік өртеніп кетті
Аймақтар • Кеше
Өткен жылы жол-көлік апатынан қанша адам зардап шекті
Қазақстан • Кеше
Ақтоты Райымқұлова шығармашыл балалармен кездесті
Қазақстан • Кеше
ҚазҰУ магистранттары жаңа құрылғы ойлап тапты
Технология • Кеше
Технология • Кеше
Торғайда бір апта жоғалған жылқышы атының арқасында аман қалды
Аймақтар • Кеше
Жолда қалған 137 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Елордада тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті
Елорда • Кеше
Қостанайлық қаскүнем гүл сататын дүкенді тонаған
Аймақтар • Кеше
«Shymkent City» жобасына 0,5 трлн теңге инвестиция тартылған
Аймақтар • Кеше
Жыл басынан бері ЭЕБ көмегімен 101 мың адам жұмыс тапты
Қазақстан • Кеше
Себебі белгісіз: Өсек өзенін ақ көбік басты
Аймақтар • Кеше
Шымкентте шетелдік ғалымдардың қатысуымен конференция өтіп жатыр
Аймақтар • Кеше
Елордада су тасқыны кезеңіне дайындық қалай жүріп жатыр
Аймақтар • Кеше
Нидерландта сегіз спортшымыз өнер көрсетеді
Спорт • Кеше
4 облыста қандастарды бейімдеу орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
«Ореn University» кеңсесі мен «Таза қол» мүсіні ашылды
Аймақтар • Кеше
Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«Астана» Ласина Траореге көз тікті
Футбол • Кеше
Алматы тауларында адасқан туристер табылды
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жүргізілуде
Қазақстан • Кеше
Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстандық армия ұшқышсыз ұшу аппараттарын қарқынды дамытуда
Қазақстан • Кеше
«Шымкент-циркте» аңдарсыз жаңа бағдарлама басталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте демеушілер есебінен 7 спорт алаңшасы салынады
Аймақтар • Кеше
Антикор өткен жылғы құқық бұзушылық фактілерді жариялады
Қазақстан • Кеше
«Adaldyq alańy»: Жобадан жалпыұлттық Қозғалысқа
Қоғам • Кеше
Алматы облысында көлік қаққан оқушы қыздар комада жатыр
Аймақтар • Кеше
«Медеудегі» автотұрақ ақылы болады
Аймақтар • Кеше
Қарағандыда екі айлық қыз бала табылды
Аймақтар • Кеше
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру қалай жүзеге асуда?
Қазақстан • Кеше
Атырауда 2 мыңға жуық мұғалім вакцина салдырады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар