Коронавирус • 23 Шілде, 2020

Елімізде 2000-ға жуық бала короновирус жұқтырған

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пандемия басталғалы елімізде 18-ге толмаған 2000-ға жуық бала қауіпті вирус жұқтырған. Бірақ балалардың көбінде ауру белгілері байқалмаған. Қазір   ауруханада 100-ден астам бала ем алып жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Елімізде 2000-ға жуық бала короновирус жұқтырған

Қазір балалардың жағдайы бірқалыпты, ауру жеңіл өтуде, дейді дәрігерлер. Дегенмен, коронавирус жұқтырған балақайлар да тиісті  санитарлық нормаларды сақтағаны жөн. Өйткені, олар да вирус тасымалдаушы болуы мүмкін. 

62% қазақстандық балаларда короновирус жұқпалы ауруы симптомсыз өткен. 26 процентінде жеңіл өткен. 8% ауру - орташа, 4% - ауыр түрде байқалған. Ауыр түрде өту себебі, балалардағы бұрыннан келе жатқан созылмалы аурулар.

Ал күзде-қыста   балалар арасында өзге де вирустық инфекциялардың  өршитіні белгілі. Көп жағдайда ауру асқынып,  пневмонияға алып келеді. Сондықтан қауіпті кезеңде оларды оқшаулап, жұқпалы дерттен қорғау үшін Үкімет  қашықтан оқыту туралы шешім қабылдаған болатын.