Үкімет • 23 Шілде, 2020

Қазақстан Ауғанстан мен Өзбекстанға гуманитарлық көмек жібереді

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Ауғанстан Ислам Республикасы мен Өзбекстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы" қаулыға Премьер-Министр Асқар Мамин қол қойды. Бұл туралы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан Ауғанстан мен Өзбекстанға гуманитарлық көмек жібереді

Солардың ішінде көрпе қаптар, жиналмалы металл кереуеттер, матрастар, жастық тыстары, жастықтар, ақжаймалар, көрпелер, жылы күртешелер, жылы шалбарлар және тоқыма бас киімдер жіберіледі. Ал азық-түлік тауарларынан жоғары сұрыпты ұн, қарақұмық жармасы, өсімдік майы және сүт консервілері беріледі.

Министрлер кабинетінің басшысы көрші елдерге гуманитарлық көмек көрсету үшін бірқатар тапсырма жүктеді:

"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресми ізгілік көмекті алушыларды айқындасын және оны көрсету жөніндегі шараларды үйлестіруді қамтамасыз етсін.

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ізгілік жүкті Ауғанстан Ислам Республикасы мен Өзбекстан Республикасындағы межелі пункттерге дейін тасымалдау мен жеткізуді қамтамасыз етсін.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика, Сыртқы істер, Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын", делінген құжатта.