Ал біреуі "Олимп" клиникалық-диагностикалық зертханасы деп аталады. Бұл зертханалар тәулігіне 1300 зерттеу жүргізіп келген. Облыс орталығында жаңадан ашылған 5-ші зертхана індетке қарсы жүргізілетін маңызды зерттеулердің санын тәулігіне 2 мыңға дейін жеткізуге мүмкіндік беріп отыр.
Қатерлі індетті дер кезінде анықтай алатын қуатты орталық бизнес өкілдері тарапынан көрсетілгеен қолдаудың арқасында іске қосылды. Өңірлік жедел ақпарат штабының мәліметінше, жергілікті кәсіпкерлер жаңа зертханаға 43 млн теңге жинап берген. Шамамен 29 млн теңге короновирусты зерттейтін заманауи құрылғыларды сатып алуға жұмсалыпты. Ал қалған 14 млн теңге көлеміндегі қаржыға зертхана қуаттылығын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік беретін арнайы реагенттер сатып алынған. Бұл реагенттер зерттеу жүргізуге кететін уақытты едуір үнемдеуге де мүмкіндік береді. Мысалы, бұған дейін лаборанттар бір зерттеуге 1 жарым сағаттан 3 сағатқа дейін уақыт шығындап келсе, қазір науқастан алынған талдауды айналасы 15-20 минуттың ішінде зерттеп үлгереді.
Сонымен қатар, Үкімет басшысы А. Маминнің аймақтарда жүргізілетін зерттеулердің қуатын арттыру туралы тапсырмасын жүзеге асыру аясында таяу күндері Қостанай қаласының іргесіндегі Заречный кентінде екі ПЦР-зертхана ашылмақ. Бұл зертханалар тәулігіне 400 зерттеу жүргізілетін болады.
Қостанай облысы