Қазір Еуропаның 10 елінде 10 мыңдай қандас тұрады. Көбі 50-жылдары Түркиядан осында қоныс ауарғандар. Олар елде індет өршігенін есітіп, бірігіп түрлі көмек түрлерін көрсетуге бел буған.
Франция, Италиядағы дәрігер қазақтар жерлестеріне онлайн ақыл-кеңес берсе, Германиядағы кәсіпкер бауырлар жедел пошта арқылы ағайынға дәрі-дәрмек жеткізді. Қазір Еуропа қазақтары қауымдастығының мүшелері банктен есеп-шот ашып, демеуқаржы жинап жатыр. Ақшалай көмек Қазақстанға жақын күндері жіберіледі.