Аймақтар • 24 Шілде, 2020

Түрген мен Есік шатқалы аумағына кіруге тыйым салынды

544 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түрген және Есік шатқалдары аумағына кіруге тыйым салынды. Бұл туралы Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданының бас санитар дәрігері айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Түрген мен Есік шатқалы аумағына кіруге тыйым салынды

Ал 2 тамызға дейін Іле-Алатау ұлттық табиғи паркіне жаяу жүргіншілерге ғана кіруге рұқсат. Алайда, өздерімен бірге азық-түлік алып, от жағуға, пикник ұйымдастыруға болмайды. Аталған аумаққа сол маңда тұратын тұрғындар автокөлікпен кіре алады. 

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстандағы Алакөл де демалушылар үшін жабылды. Үржар ауданының әкіміне демалыс аумағына баратын жолды жауып, мобильді бекет қойып, қоғамдық тәртіпті бақылау жүктелген. Ал осы уақытқа дейін келген демалушылар жолдама мерзімі аяқталғанша демалыс базаларында қалуына болады. Шектеу шаралары қашанға дейін созылатыны белгісіз.

Естеріңізге салайық, Бурабай мен Зерендіде де шектеу шаралары күшейтіледі. Ақмола облыстық туризм басқармасы бүгіннен бастап курорттық аймақтар жабылып,  кіреберістерде блокбекеттер орнатылып, көлік қозғалысы шектелетінін ескертеді.