Аймақтар • 24 Шілде, 2020

Ералы Тоғжанов Қызылорда облысындағы ауруханалардың жұмысын тексерді

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді. Сапар барысында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова көпбейінді облыстық аурухананың жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Egemen.kz 

Ералы Тоғжанов Қызылорда облысындағы ауруханалардың жұмысын тексерді

Көпбейінді облыстық аурухана 1998 жылы пайдалануға берілген. Ауруханада жалпы 525 төсек орны бар. Емдеу мекемесінде барлығы 1335 қызметкер жұмыс жасайды. Оның ішінде 200 дәрігер, 574 орта буын, 326 кіші медицина қызметкері және 235 басқа да маман бар.

Көпбейінді облыстық ауруханасы бүгінде толық электронды құжат  айналымына көшірілді.Ауруханада 17 өкпені жасанды желдету аппараты, 300 оттегі баллоны, 6 оттегі концентраторы бар. Бір тәулікте 60 оттегі баллонын пайдалану қажет етіледі.

Науқастарға арналған 30 төсек орындық инфекциялық стационар, 70 фильтр бөлмелері ұйымдастырылған. 70 фильтр бөлмелерінің ішінде 13 орын жансақтау бөліміне арналған. Бүгінгі күні стационарда 7, фильтр бөлмелерінде 38 адам емделуде.

Науқастарды емдеп жатқан медицина қызметкерлері үйлеріне қайтпай, облыстық ардагерлер үйінде оқшаулануда.