Коронавирус • 25 Шілде, 2020

Алматы маңында дәрі жасайтын жасырын цех анықталды

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экономикалық тергеу департаменті мен қалалық прокуратура бірлесе ұйымдастырған жедел іздестіру барысында, дәрі қаптамасына арналған материал өндіретін баспахана мен препарат сақтайтын қойма табылды, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан Ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

Алматы маңында дәрі жасайтын жасырын цех анықталды

Заңсыз жасалған 100 тоннадай дәрі-дәрмек пен 8 жарым миллион дана маска тәркіленген. Халыққа жасанды дәрі сатпақ болғандар заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін 5 мың айлық есепті көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалайды немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, осыған дейін Атырау облысында да дәрі-дәрмек бағасын аспандатқан 16 дәріхана иесі жауапкершілікке тартылған еді. Оларға 2 жарым миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Мұндай жағдай қайталанса,  дәріханалар лицензиясынан айырылады, дейді жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері.