Оқиға • 27 Шілде, 2020

Президент педофилді құрықтаған полицейді "Айбын" орденімен марапаттады

671 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент педофилді құрықтаған полицейді "Айбын" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz

Президент педофилді құрықтаған полицейді "Айбын" орденімен марапаттады

Алматы қаласында педофилді ұстаған полиция майоры Бақытжан Бәкіров Президент Жарлығымен ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды.

– Қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы полиция департаменті Түрксіб аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі Бақытжан Әнуарбекұлы Бәкіров II дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталсын, – делінген Жарлық мәтінінде.

Естеріңізге сала кетейік, Бақытжан Бәкіров полицейден қашып кетпек болған қылмыскердің артынан 13 қабаттың терезесінен секірген. Құқық қорғау органдарының қызметкері екі қабаттан төмен жерге құлап, аяғын сындырып алады. Сөйте тұра ол қылмыскерді құрықтап, әріптестері оқиға орнына жеткенше ұстап отырған.

Ұсталған азамат кәмелетке толмаған адамды тонау және зорлау үшін айыпталуда. Полиция майоры Бақытжан Бәкіров аяғына үш операция жасады. Дәрігерлер емделушінің қазіргі жағдайы жақсы және көп ұзамай жұмысқа оралып, тағы да көптеген қылмыскерді ұстай алатынына сендіреді.

Бүгінгі таңда полиция майоры мен жұбайы екеуі алты баланы тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы.