Былтыр Үкіметте «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының нәтижесінде 2025 жылға қарай барлық 365 өнімнің өндіріс көлемі 2,4 есеге артып, нарықтағы импорттың үлесі төмендейді, олардың ішінде 247 азық-түліктік емес өнеркәсіп өнімдері бойынша өндіріс 1,5 млрд доллардан 3,1 млрд долларға дейін өседі, импорт үлесі 82 пайыздан 59 пайызға дейін төмендейді» деп айтылды.

– Әрине елімізде экономиканы дамытуға арналған «Даму» қоры, «Бәйтерек» холдингі, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, екінші дәрежелі банктер, жергілікті жерде кәсіпкерлерді қолдайтын әртүрлі ұйымдар жеткілікті. Бірақ әлі де кәсіпкерліктің дамуы тежелуде. Бұл құрылымдар мемлекеттен қыруар қаржы алғандарымен, бизнестің өркендеуіне көмек бере алмай келеді. Өйткені қалыптасып қалған бюрократиялық кедергілер бөгет болуда. Екіншіден, бұл құрылымдарда бизнестің, кәсіпкерліктің мән-мақсатын экономикалық даму түрінде жүргізе алатын білікті, білімді мамандар да қажет, – дейді ғалым, экономист Асылхан Жаңабеков.
Үкіметтің отандық өнімді дамытуға қатысты бағдарламаларының қатарына «Қарапайым заттар экономикасы» деген бағдарлама қосылғаны белгілі. Мақсат – ішкі және әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті, сапалы және қолжетімді қазақстандық тауардың санын арттыру.
Сөз жүзінде бәрі жақсы-ақ, ал қарапайым заттар – киім-кешек, көйлек, шалбар тігуге жақындаған да жоқпыз. Сырттан әкелген дайын өнімдерден табыс тез түседі деп жеңіліне қарай жүгіреміз. Түркия мен Қытайдан киім тасу ағыны індет кезінде саябырламаса,тоқтайтын түрі жоқ.
Мысалы, Павлодарда кеңес өкіметі кезінде «8 март» атындағы атақты тігін фабрикасы болды. Күнделікті тұрмысқа қажет бүкіл қарапайым киім-кешек осы фабрикадан шығатын еді. Сақтап қала алмадық, ішінде қаптаған жалдамалы офистері бар фабриканың қазір үлкен ғимараты ғана қалды.
– Үкімет кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бірқатар мемлекеттік бағдарламаны әзірлеп іске асыруда. Оның бірі – «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы, оның ерекшелігі икемді шарттарында. Бағдарлама нарықты отандық тауарлармен толықтыруға бағытталған. Құжат үнемі жетілу үстінде, онда бизнестің пікірі ескеріліп, қызмет бағыттарымен толықтырылады. Бағдарламаны іске асырудан бастап өзгерістердің қазір 5-нұсқасы қабылданды, – дейді өңірлік кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Әмірбек Байысов.
Бірақ Асылхан Жаңабеков айтқандай, өңірлерде кәсіпкерліктің дамуы әлі тұрақсыз, ынталандыру, насихат, ақпарат жұмыстары жетпей ме, тұрғындардың кейбірі өзінің жеке бизнесін бастауды қаласа да, қайда бару керектігін білмейтіндері де бар.
Бағдарламаға сай өңірімізде өткен жылы жалпы құны 14,7 млрд теңге болатын 66 жоба мақұлданған. Бірақ 66 жобаның 57-сі мал басын көбейту, агроөнеркәсіптік кешенді кеңейту мақсатында қаржыландырылған. Ал, «Қарапайым заттар экономикасына» лайықты қарапайым жобалар болмаған. Сондықтан қаржының барлығы дерлік «Еңбек», «Сыбаға» сынды бағдарламалар арқылы ауыл шаруашылығы саласына бөлінген.
Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Жайық Хасановтың айтуынша, бұдан былай нан-тоқаш, кондитерлік өнімдерді пісіретін, жеңіл металл құрылымдарын шығаратын, кран, лифтілер сияқты көтеру құралдарын дайындайтын, агроөнеркәсіптік кешен саласында қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындар да «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалана алады. Себебі «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына агроөнеркәсіп кешеніне арналған «Агрокредиттік корпорация» деген тағы бір жаңаша құрылым келіп қосылыпты.
Әмір Байысовтың айтуынша, былтыр елімізде бағдарламаға 600 млрд теңге бөлінсе, биыл қосымша 400 млрд теңге қарастырылып, қаржыландыру көлемі артқан. Бұл мүмкіндік кәсіпкерлерге жол ашты, салалық шектеулер алынып тасталды, бағдарламаға кез келген кәсіпкер қатыса алады.
– Төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлердің біразы қиындыққа тап болғанын ескере келе, «Қарапайым заттар экономикасы» жобасының кепілдендіру бағытына өзгеріс енгізілді. Енді 30 пайызға дейін кепілдік бере аламыз, – дейді «Даму» қоры филиалы басшысы А.Байдәулетова.
– Тұрғындар «Қарапайым заттар экономикасының» тиімділігін түсінген болуы керек, қатысушылар қатары артып келеді. Жыл басынан бері 4,4 млрд теңге болатын 16 жоба мақұлданды. Екінші деңгейлі банктердің қарауында тағы 20-дан астам жоба бар. Облыс орталығындағы жобалық кеңсе 193 жобаны талқылап, әзірлеуде. Қалалар мен аудан әкімдіктері жанында жедел топ құрылған. Бұл топ өз аумақтарындағы бизнес жобаларды жинайды да, бізге жібереді. Жоба иелерін қолдарынан ұстап жетектегендей, жұмыс жүргізудеміз, – дейді Ж.Хасанов.
Бірақ мәселенің бәрі есеп жүзінде ғана жақсы сияқты. Енді 193 жобаның іске қашан асары белгісіз. Нақты іс барысы әлі байқалмайды. Басшылардың мәліметтеріне көз жүгіртсеңіз, әрқайсысы әртүрлі мәлімет береді. Қайсысы өтірік, қайсысы шын екеніне нақты білікті мамандар келгенде ғана көзіміз жетер.
Егер де Жайық Хасанов айтқандай, «Қарапайым заттар экономикасының» тиімділігін түсінген тұрғындар саны артып келе жатса, онда неге қаражат ауыл шаруашылығы саласына жіберілді деген сұрақ бар.
Күнделікті өмірде «Made in Kazakhstan» белгісі қолданылатын тағам өнімдері, киімдер, аяқ киім, жиһаз, тұрмыстық техникалар, дәрі-дәрмектер барлығы да өз елімізде өндірілуі тиіс деп үнемі айтумен келеміз.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы барысында тамақ өнімдері, киім-кешек, дәрі-дәрмек, құрылыс материалдары, жиһаздар шығаратын кәсіпорындарға тиімді тетіктерді пайдалануға мүмкіндік берілді. Бұл 6 пайыздық мөлшерлемемен несие алып, оны кәсіпті бастауға, кеңейтуге, қаржы айналымын толтыруға пайдалана алады делінді.
Кедергі демекші, мәселен, «Қарапайым заттар экономикасы» аясындағы жобаларды қаржыландырған «Банк Центр Кредит» АҚ облыстық филиалы қызметкерлері өтінішті қабылдамас бұрын кәсіпкерлік нысаны мен оның басшысының жеке құжаттарын талап етеді. Кепілдікке қояр затты бағалайды.
– Қаржыны кепілзатсыз беру мүмкін емес. Бизнес дамымай, салған ақшасы пайда әкелмесе, банктер де шығынға ұшырайды. Сондықтан жылжитын және жылжымайтын мүліктердің болуын талап етеміз, – дейді банк мамандары.
Банк қызметкерлері бағдарламаға қатысуға ниетті адамның құжаттарын, бизнес жобасын қабылдап, бағалаудан өткізіп, несие барысын тексереді. Өтінішті мақұлдауды бір айға дейінгі мерзімде қарастырады. Банк несие беруге әзір болса, «Даму» қорының ресми сайты арқылы субсидия, кепілдендіру алуға өтініш жолдайды. Осы кезеңнен өткеннен кейін ғана сіз «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының қатысушысы атанып, бизнес жоспарыңызды жүзеге асыра аласыз.
Бірақ құжаттарды жинау, мемлекеттік қолдауды иелену бір күнде бітетін іс емес. Бұл мақсатқа әр есікке бір барып, шаршап, қолды бір сілтемейтін, төзімділік танытқандар ғана бара алады.
– Мемлекеттік қолдауларға енген өзгерістерден хабарсыз қарапайым жұртшылық, тіпті кәсіпкерлер де аз емес. Сол үшін де облыс орталығында «Ақпараттық кеңсенің» ашылғаны құптарлық. Әлі де ақпараттандыру жетіспейді. Ауылдарға интернет жете қойған жоқ. Жергілікті телеарналарда «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы, басқа да бағдарламалар жайлы тұрақты телехабарлар, сұрақ-жауап тікелей эфирлері, ашық алаң, баспасөзде арнайы сұхбаттар жиі берілуі керек. Палата өкілдері, банк мамандары аудан орталықтарында көшпелі отырыстар, ашық есік күндерін өткізулері қажет. Сонда ғана ауыл, қала тұрғындары ақпарат ала алады. Қазір «Бизнестің жол картасы – 2025», «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларына несиелеу кезінде салалық шектеулер де алынып тасталды. Яғни кез келген кәсіпкер несие алады, тек еңбек ет, бағдарламаға үлес қос, – дейді Асылхан Жаңабеков.
Мысалы, облыстағы «Жәнібекова» жеке кәсіпкерлігі жиһаз жасау және ескі жиһаздарды жаңартумен айналысуда. Қазір оқу орталығын ашып, жұмыссыз тұрғындарға кәсіптің қыр-сырын үйретуде. Кәсіпкерлік басшысы Самал Жәнібекованың айтуынша, сәуір-шілде аралығында өткен алғашқы курс барысында 34 адам оқыды.
– Оқу орталығы тұрғындарға жиһазды құрастыру, тігуді үйретеді. Оқудан өту үшін жұмыссыздар қалалық жұмыспен қамту орталығына хабарласады, мемлекеттік тапсырыс аясында тегін оқиды. Стипендия алады. Оқуды бітірген соң, жұмысқа орналасады, – дейді Самал Жәнібекова.
Самал енді кәсіп аясын кеңейтіп, тұтынушыларға қолайлы жағдай жасау үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, жиһаз цехы, оқу орталығы мен кеңсені біріктіретін жеке ғимарат сатып алмақ. Самал сияқты бастамашыл, өз ісін бастағысы келетін жұмыссыз тұрғындарға қолдау көрсететін кәсіпкерлердің саны көбейсе, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын түсініп, отандық тауар жасауға үлес қосатын, қарапайым заттар шығаратын тұрғындар қатары көбейер еді.
Павлодар облысы
Жыл басынан бері ЭЕБ көмегімен 101 мың адам жұмыс тапты
Қазақстан • Бүгін, 17:21
Өсек таулы өзеніндегі судың бетін биіктігі 10 сантиметрден асатын ақ көбік жауып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:12
Коронавирус: Вакцина ектірген екі адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 17:06
Шымкентте шетелдік ғалымдардың қатысуымен конференция өтіп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:04
Елордада су тасқыны кезеңіне дайындық қалай жүріп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:00
Нидерландта сегіз спортшымыз өнер көрсетеді
Спорт • Бүгін, 16:54
4 облыста қандастарды бейімдеу орталықтары ашылады
Қазақстан • Бүгін, 16:52
188 миллиард теңге жымқырған 4 экс-банкирге сот үкімі шықты
Қоғам • Бүгін, 16:50
«Ореn University» кеңсесі мен «Таза қол» мүсіні ашылды
Аймақтар • Бүгін, 16:50
Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:44
«Астана» Ласина Траореге көз тікті
Футбол • Бүгін, 16:42
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады
Білім • Бүгін, 16:41
Алматы тауларында адасқан туристер табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:40
Спорт • Бүгін, 16:38
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 16:36
Ералы Тоғжанов волонтерлік ұйымдарға қандай қолдау көрсетілетінін айтты
Қазақстан • Бүгін, 16:35
Су добынан жасөспірімдер арасында ел үздігі анықталады
Спорт • Бүгін, 16:31
Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:25
Қазақстандық армия ұшқышсыз ұшу аппараттарын қарқынды дамытуда
Қазақстан • Бүгін, 16:22
«Adaldyq alańy» – қоғамдық бақылаудың драйверіне айналды
Қоғам • Бүгін, 16:16
«Шымкент-циркте» аңдарсыз жаңа бағдарлама басталды
Аймақтар • Бүгін, 16:09
Шымкентте демеушілер есебінен 7 спорт алаңшасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:01
Антикор өткен жылғы құқық бұзушылық фактілерді жариялады
Қазақстан • Бүгін, 16:00
Футболдан Қазақстан жастар құрамасы халықаралық турнирге қатысады
Спорт • Бүгін, 15:55
«Adaldyq alańy»: Жобадан жалпыұлттық Қозғалысқа
Қоғам • Бүгін, 15:45
Қазақстанның жеті өңіріндегі жолдарда ауыр жүк көліктеріне шектеу енгізілді
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Оңтүстік Суданда ұшақ апатынан 12 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:41
Алматы облысында көлік қаққан оқушы қыздар комада жатыр
Аймақтар • Бүгін, 15:40
«Медеудегі» автотұрақ ақылы болады
Аймақтар • Бүгін, 15:35
Қарағандыда екі айлық қыз бала табылды
Аймақтар • Бүгін, 15:32
Қағаз күйінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны 2,5 есеге қысқарды
Қазақстан • Бүгін, 15:27
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру қалай жүзеге асуда?
Қазақстан • Бүгін, 15:22
Атырауда 2 мыңға жуық мұғалім вакцина салдырады
Аймақтар • Бүгін, 15:18
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:18
Алматыда «Чупа-құрт» өнімі нарыққа шықты
Бизнес • Бүгін, 15:15
Нұр-Сұлтанда Құзыреттілік орталығының жұмысы таныстырылды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
Елорда әкімдігінде «Ashyq» қосымшасының артықшылықтары туралы түсіндірілді
Аймақтар • Бүгін, 15:12
Алматы маңында жаңа тау шаңғысы курорты пайда болады
Туризм • Бүгін, 14:52
Батыс Қазақстанда 85 елді мекенді су басуы мүмкін
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Шағын несиелер мен жедел несиелердің тәуекелі өте жоғары
Қоғам • Бүгін, 14:23
Қазақстан мен Қырғызстан әскери ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды
Қазақстан • Бүгін, 14:00
Ақылбек Күрішбаев: Селекциялық жұмыспен айналысамыз ба, әлде шет елден тағы да мал тасимыз ба?
Қазақстан • Бүгін, 13:52
Алматы облысында көлік 4 оқушы қызды қағып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:28
Шарын шатқалында Түркістан сілеусіні видеотұзаққа түсіп қалды
Экология • Бүгін, 13:20
Қыстыгүні де велосипед ұрлаушы шығып отыр
Аймақтар • Бүгін, 13:07
Атырауда қуыршақ театры жұмысын бастайды
Өнер • Бүгін, 12:58
Алматының санитарлық дәрігерлері коронавирус ревакцинациясын жалғастырып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 12:51
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:39
АӨСШК – Қазақстан сыртқы саясатының жарқын жемісі
Қазақстан • Бүгін, 12:35
Қырғызстан президенті манасшы Баянғали Әлімжанға «Достық» орденін табыстады
Қазақстан • Бүгін, 12:29
Мәжіліс ЕАЭО-ның темекі өнімдеріне арналған акциздер туралы келісімін ратификациялауды мақұлдады
Қазақстан • Бүгін, 12:26
Түркістан тас жолдарын тазалауға 100-ге жуық техника шықты
Аймақтар • Бүгін, 12:18
Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш қойылады
Қазақстан • Бүгін, 12:15
2021 жылы Қазақстанда бес ірі өндіріс ошағы іске қосылады
Экономика • Бүгін, 12:13
Грузияға тұрақты әуе рейстері қайтадан ашылады
Қазақстан • Бүгін, 12:10
Атырау жүргізушілері көлікке құятын газ таппай жүр
Аймақтар • Бүгін, 12:01
Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін пәтерлер құрылысы қаржыландырыла ма?
Қоғам • Бүгін, 11:52
Солтүстік Қазақстанның 52 жастағы тұрғыны әйелін ұрып өлтірді
Оқиға • Бүгін, 11:50
Түркістан жолдарын тазалауға 100-ге жуық техника шықты
Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 11:46
Қазақстанның 7 өңірі «сары аймақта» тұр
Қазақстан • Бүгін, 11:44
Елордада COVID-19 инфекциясы қаңтар айымен салыстырғанда шамамен 34%-ға төмендеді
Елорда • Бүгін, 11:35
Экология министрі Қызыл кітапқа енген сілеусіннің видеосымен бөлісті
Аймақтар • Бүгін, 11:30
Сенаторлар ҰҚШҰ ПА комиссияларының жұмысына қатысты
Парламент • Бүгін, 11:27
Қазақстанның ірі зертханалары ПТР бағасын төмендетіп жатыр
Қазақстан • Бүгін, 11:26
Халық ықыласына бөленген - ән Хадиша
Руханият • Бүгін, 11:24
Демалыс күндері елордада қандай мәдени шаралар өтеді
Аймақтар • Бүгін, 11:19
Көктемгі әскерге шақыру: Елордадан 800-ден астам азамат жіберіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:17
Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы кім?
Спорт • Бүгін, 11:15
СҚО көктемгi тасқынға дайындалуда
Аймақтар • Бүгін, 11:13
Ақтөбеде жол-көлік оқиғасынан 2 бала зардап шекті
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Ұқсас жаңалықтар