Қазіргі қысылтаяң кезеңде денсаулық сақтау жүйесінің барлық ресурсы қауіпті індетке қарсы іс-шараларға жұмылдырылды. Дауасыз дерттің бетін қайтаруға бағытталған бұл ауқымды жұмыстар Медициналық сақтандыру қоры арқылы қаржыландырылды.

Қор тарапынан 56,7 млрд теңге бөлінді
Пандемия кезінде медициналық ұйымдардың көбі індет жұқтырғандарды емдейтін болып қайта бейімделді. Бұл ретте күні-түні қызмет еткен дәрігерлерге де ұдайы қолдау көрсетілді. Індетке қарсы іс-шаралардың жан-жақты ұйымдастырылуына міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі біраз үлесін қосып жатыр. Осы жөнінде Орталық коммуникациялық қызметі алаңында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов кеңінен айтып берді.
Оның айтуынша, коронавирусқа қарсы күрес шараларына жалпы 56,7 млрд теңге бөлінді. Халыққа көмек көрсету үшін 630 мекемемен шарт жасалды. Медициналық көмек пен стационарлардағы ем үшін – 13,4 млрд теңге, қауіпті аймақтарда жұмыс істеген медициналық қызметкерлерге үстемеақы төлеуге – 38,1 млрд теңге, ПТР диагностикаға 5,2 млрд теңге қарастырылған.
Бірінші кезекте тұрған маңызды міндеттерді жедел орындау үшін республикалық комиссия санитарлық-эпидемиялық саламаттық саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып, өңірлердегі денсаулық сақтау басқармаларының тізбесі бойынша медициналық қызмет көрсететін мекемелермен тікелей шарт жасау туралы шешім қабылданды. Қор маусым айының соңында жеткізуші мекемелелерге көрсетілген қызметтер мен қауіпті аймақта жұмыс істеген медицина қызметкерлеріне 44 млрд теңге төледі. Бұл қаржы бөлінген жалпы соманың 75 пайызын құрайды.
«Наурыз айынан маусым айына дейін Қазақстанда 150 мың науқас коронавирус пен пневмониядан емделді. Осы мақсатта ӘМСҚ ауруханаларға 9 млрд теңгеден астам қаржы төледі. Наурыз айына қарағанда маусымда бір күндік төсектік-орындармен науқастардың қамтылуы – 8 есеге, жұқпалы аурулар ауруханасындағы төсек-орынның қамтылуы 23 есеге өскен. Сондай-ақ провизорлық стационарларда бір күндік төсектік-орын саны наурыз айында 21 мың болса, қазір 100 мыңнан асты. Медициналық көмек сапасын жақсарту үшін шілде айында медициналық ұйымдар үшін тарифтер артты. Енді провизорлық стационарда әрбір төсектік-орын күніне – 22 мың теңге, тәулік бойы стационарларда болғаны үшін 32 мың теңге, науқасты анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде емдеудегі төсек-орын күні үшін 70 мың теңгеден аса қаражат қор тарапынан өтеледі. Бұл қызметтерге тарифті көтеру қор жеткізушілерінің санын көбейтуге, жеке ауруханаларды белсенді тартуға және коронавирустық пневмониясы бар науқастарды емдеуге мүмкіндік береді. Бұған қоса медициналық сақтандыру қоры стационарлар мен емхана дәрігерлерінің жолдамалары бойынша 300 мыңға жуық ПТР зерттеулеріне 3,5 млрд теңгеден аса сомаға төлем жасады», деді Болат Төкежанов.
Ем-дом шаралары үшін жаңа тарифтер әзірленді
Сонымен қатар баспасөз жиынында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі кедергілердің алдын алу үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «СҚ-Фармация» компаниясымен бірлесіп жасалған келісімшарт сомасын 100% алдын ала төлегені мәлім болды. Бұл бірыңғай дистрибьюторға жыл соңына дейін жеткізілетін препараттар үшін жеткізушілер мен өндіруші зауыттарға алдын ала төлем жасауға мүмкіндік берді. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту үшін қажетті шаралар қолға алынып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі қосымша бес дәрі-дәрмек түрін енгізу мәселесін қарастыруда. Бұл дәрілер де алдыңғы қатарда жүрген дәрігерлердің тағайындауымен қолжетімді болмақ. Министрлік бұйрыққа өзгерістер енгізгеннен кейін аталған қор өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының өтінімдері негізінде оны үздіксіз сатып алу үшін қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
«Қазір қосымша 110 млрд теңге бөлу мәселесі қарастырылып жатыр. Ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында елімізде қосымша 140 млрд теңге бөлінеді. Бұл есеп әлі нақтыланады. Өйткені бұл коронавирус пен пневмония бойынша эпидемиялық жағдайдың қалай өрбитініне тікелей байланысты. Қор КВИ диагностикасына, емдеуге және асқынуларға байланысты барлық шығынды медициналық ұйымдарға өтеу үшін емдеудің ауырлығын ескере отырып, жаңа тарифтер әзірледі. Осылайша коронавирус инфекциясының жеңіл деңгейіндегі бір науқасты – 292 600 теңгеге, орташа деңгейдегі науқасты – 446 100 теңгеге, жағдайы мүшкіл науқасты 1,5 млн теңгеге емдейді. Өте ауыр халдегі науқасты емдеу үшін қор бір науқасқа 1,7 млн теңге төлейді. Жедел жәрдем көрсету тарифінің құрылымында жеке қорғану құралдарына жұмсалатын шығындар орта есеппен 40%-ға артты. Қордың қосымша жоспарланған қаржыландыру көлемінен мобильді бригадалардың жұмысына шамамен 7,7 млрд теңге жіберіледі. Тіпті қазір емханалар мен отбасылық амбулаториялар жанынан дәл осындай 3 мыңнан аса бригада құрылды», деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы.
Томография қызметінен көмек көп
Бұған қоса Б.Төкежанов журналистердің сауалына қарай елде көптеген азамат өкпенің зақымдалуын анықтау үшін компьютерлік томографиядан өткенін, сондықтан маусымнан бастап КТ-ға жүгінудің күрт өсуі байқалғанын, бірақ диагностиканың бұл түрі белгілі бір клиникалық симптомдары бар пациенттерге көрсетілгенін мәлімдеді.
Ентігу, тыныс алудың қиындауы, кеуде қуысының ауыруы, қандағы оттегі деңгейінің төмендеуі сияқты белгілер болған жағдайда дереу дәрігермен байланысу немесе жедел жәрдемге қоңырау шалу қажет. Компьютерлік томография кабинеттерінің өткізу қабілетін де ескеру керек. Әр пациенттен кейін санитарлық өңдеу жүргізілетіндіктен, бұл кезек күту уақытын арттырады. Осыған байланысты елордада КТ жұмысын тәулік бойы режіміне ауыстырды.
Қазір елімізде 135 томограф жұмыс істейді. Жарты жылда 1,6 млрд теңгеге 135 778 КТ қызметі көрсетілген. Қор үшін бір суреттің құны 7 215 теңге, ал контрастау бойынша 27,5 мың теңге тұрады.
Тыныс алу жолдарының ауруларын диагностикалау үшін хаттамаға жоғары рұқсаты бар цифрлы рентгенография аппараттары енгізілген. Елімізде 3 мыңнан аса рентген-аппараты жұмыс істейді. Оның 1118-і жылжымалы, олар ауылда диагностикалық қызмет көрсету үшін қолданылады. Аудандық ауруханалар үшін тағы 53 рентген аппараты сатып алынып жатыр.
Түркістанда жыл басынан бері 124 адамға әлеуметтік көмек көрсетілген
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Тарих • Кеше
Тұрғын үй құрылысы тұраламас үшін...
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қандастардың қатары қалыңдайды
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордада вакцина егудің екінші кезеңі басталады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бас санитардың жаңа қаулысы шықты
Елорда • Кеше
Түркі академиясының басшысы Моңғолия елшісімен кездесті
Руханият • Кеше
Президент 4 оқушыны қаққан мас жүргізуші оқиғасын бақылауға алды
Президент • Кеше
Ақмолалықты пышақтаған қарағанды тұрғыны қолға түсті
Аймақтар • Кеше
Қ.Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс кездесуіне қатысты
Президент • Кеше
Үйсіз қалған көп балалы отбасына жеке компания баспана сыйлады
Аймақтар • Кеше
«QazCovid-in» вакцинасы сәуір айынан бастап өндіріледі
Медицина • Кеше
Елордада тұрақтағы көлік өртеніп кетті
Аймақтар • Кеше
Өткен жылы жол-көлік апатынан қанша адам зардап шекті
Қазақстан • Кеше
Ақтоты Райымқұлова шығармашыл балалармен кездесті
Қазақстан • Кеше
ҚазҰУ магистранттары жаңа құрылғы ойлап тапты
Технология • Кеше
Технология • Кеше
Торғайда бір апта жоғалған жылқышы атының арқасында аман қалды
Аймақтар • Кеше
Жолда қалған 137 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Елордада тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті
Елорда • Кеше
Қостанайлық қаскүнем гүл сататын дүкенді тонаған
Аймақтар • Кеше
«Shymkent City» жобасына 0,5 трлн теңге инвестиция тартылған
Аймақтар • Кеше
Жыл басынан бері ЭЕБ көмегімен 101 мың адам жұмыс тапты
Қазақстан • Кеше
Себебі белгісіз: Өсек өзенін ақ көбік басты
Аймақтар • Кеше
Шымкентте шетелдік ғалымдардың қатысуымен конференция өтіп жатыр
Аймақтар • Кеше
Елордада су тасқыны кезеңіне дайындық қалай жүріп жатыр
Аймақтар • Кеше
Нидерландта сегіз спортшымыз өнер көрсетеді
Спорт • Кеше
4 облыста қандастарды бейімдеу орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
«Ореn University» кеңсесі мен «Таза қол» мүсіні ашылды
Аймақтар • Кеше
Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«Астана» Ласина Траореге көз тікті
Футбол • Кеше
Алматы тауларында адасқан туристер табылды
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жүргізілуде
Қазақстан • Кеше
Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстандық армия ұшқышсыз ұшу аппараттарын қарқынды дамытуда
Қазақстан • Кеше
«Шымкент-циркте» аңдарсыз жаңа бағдарлама басталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте демеушілер есебінен 7 спорт алаңшасы салынады
Аймақтар • Кеше
Антикор өткен жылғы құқық бұзушылық фактілерді жариялады
Қазақстан • Кеше
«Adaldyq alańy»: Жобадан жалпыұлттық Қозғалысқа
Қоғам • Кеше
Алматы облысында көлік қаққан оқушы қыздар комада жатыр
Аймақтар • Кеше
«Медеудегі» автотұрақ ақылы болады
Аймақтар • Кеше
Қарағандыда екі айлық қыз бала табылды
Аймақтар • Кеше
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру қалай жүзеге асуда?
Қазақстан • Кеше
Атырауда 2 мыңға жуық мұғалім вакцина салдырады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар