Елорда • 28 Шілде, 2020

Қошқарбаев даңғылы 12 тамызға дейін жартылай жабылды

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жүргізушілер маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қошқарбаев даңғылы 12 тамызға дейін жартылай жабылды

Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Қошқарбаев даңғылында Сарыкөл көшесінен Қордай көшесіне дейін жол құрылысын салу жоспарланған, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Осыған орай 28 шілде мен 12 тамыз аралығында көлік қозғалысын жартылай жабу жоспарланған. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек.

"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", – делінген басқарма хабарламасында.