19 Қазан, 2013

Әуе апатынан қаза тапты

303 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Зеленов ауданындағы Белес ауылы аумағынан «Robinson-44» тікұшағының сынықтары мен қалдықтары және опат болған екі адамның денесі табылды деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Олардың бірі – есімі Ақжайық өңіріне кеңінен танымал кәсіпкер, жерге құлаған жекеменшік әуе көлігінің иесі Владимир Волков, екіншісі – оның қатар жүрген серіктес досы Григорий Поляничко екені белгілі болып отыр. Оқиға орнында болған әріптестеріміздің айтуына қарағанда, тікұшақтың қираған сынықтары 150 метрлік радиусқа дейін шашылып кеткен.

– Оның бәрін іздестірумен, тікұшақ бортында жазылып қал­ған жазбалардың мағынасын ашу жұмыстарымен, тұтастай алған­да тікұшақтың апатқа ұшырау себептерін анықтаумен азаматтық әуе комитетінің сарапшылары айналысуда. Сондықтан бұл оқиға жө­нінде түбегейлі байлам жасау уақыты жеткен жоқ. Тек әзір­ге анық байқалған көрініс тікұшақ­тың шашылып кеткен сынықтары мен қалдықтарында күю мен өр­тенудің белгілері жоқ, – деді газет тілшісіне Орал көлік прокуроры Арман Мұхамбетқалиев.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің теміржол, әуе және су көлігінде қозғалыс қауіп­сіздігі ережелерін бұзуға қатыс­ты қылмыстық іс қозғалды. Тиі­сінше бұл іс Қылмыстық ко­декс­тің 295-бабының 3-тар­мағына сәйкес келеді. Тергеу амалдарын Орал стансасындағы желілік іш­кі істер бөлімінің қызметкерлері жүргізуде.

Рас, тікұшақ иесі ұшар ал­дын­­да оның бағытын жергі­лікті әуе қозғалыстарын бас­қа­ру орталығымен және «Каза­эро­навигация» қызметімен келіскен. Оның үстіне Владимир Волковтың да, оның жанындағы Григорий Поляничконың да тік­ұшақты басқарып ұшуға рұқсат беретін куәліктері болған. «Robinson-44» әлемдегі ең сенім­ді әуе көліктерінің бірі. Бұл тік­ұшақ әр елдегі полиция және құт­қару қызметтерінде кеңінен қолданылады. Оның құны 650 мың АҚШ доллары төңірегінде екенін интернеттегі дерек көздері айғақтайды. Қалай десек те, «Ro­bin­sonның» сенімді екеніне қарамастан, Орал өңірінде осындай қайғылы жағдай орын алды. Жазмыштан озмыш жоқ деген осы да.

Темір Құсайын,

«Егемен Қазақстан».

Батыс Қазақстан облысы.

Соңғы жаңалықтар