Жақында әлеуметтік желіде, нақты айтқанда Telegram-да «Qazaqsha jaz» деген топ ашылып, бірнеше күнде жазылушылар санының еселеп артқанын байқадық. Қозғалыстың мақсаты – еліміздегі компанияларды өздері туралы ақпаратты қазақша да таратуға шақыру.

Топта бас қосқан жастар елімізде қызмет көрсететін ірілі-ұсақты компаниялардың аккаунттарын ортаға салып, кейін олардың парақшаларында қазақша ақпараттың жоғын ескертіп, қазақстандық тұтынушыларға мемлекеттік тілде де қызмет көрсетілуі керек екенін жазады. Бәрі этика шекарасынан аспай, сыпайы түрде жеткізіледі. Иә, топтың арнайы ережесі де бар. Парақшаларда пікір білдіретін азамат жеке басқа тиіспей, бейпіл сөз қолданбай, құқығының сақталуын мәдениетті түрде өтінуі шарт. Қозғалыстың ортақ мақсаты да көзі ашық, өз құқығын білетін адамдарға тән болғандықтан, компаниялардың парақшасында норма шегінен шыққан пікірлерді кездестірмедік.
Енді қозғалыстың нәтижелеріне тоқталайық. «Мемлекеттік тілді дәріптеу мен мәртебесін көтеру үшін қыруар қаржы бөлінген арнайы бағдарламалар мақсатқа жеткізе алмағанда, жастар не өзгертер дейсіз?» деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ технологияның дамуы жаңа мүмкіндік ашты ма, әлде чатта бас қосқандардың ниеттерінің шынайылығынан ба, бүгінде әлеуметтік желідегі көптеген компанияның парақшалары қазақша «сөйлей бастады». Бар-жоғы бір аптаның ішінде Samsung, LG, KFC, Hardee`s сияқты шетелдік компаниялар мен басқа да қазақстандық құрылымдар ресми парақшасына қазақша ақпарат қосып, өз қызметі туралы мемлекеттік тілде айта бастады.
Қозғалыстың ұйымдастырушыларынан сұрағанымызда, бұл тұтынушы құқығын талап ету емес, сақтау екенін жеткізді. Өйткені Ата Заң талабы бойынша, хабарландыру, жарнама, тауар туралы ақпарат алдымен мемлекеттік тілде және орыс тілінде жазылуы керек. «Біз қарапайым ғана қоғамдағы өзекті мәселелердің бірін шешу үшін жастарды біріктіріп, олардың ұйымдасып, жүйелі жұмыс істеуіне жағдай жасадық. Бұл – бұрыннан бар, «ауада ұшып жүрген идея» десек болады. Себебі Нұр-Сұлтан, Алматы сияқты ірі қалаларда қазақша сөйлейтін кез келген адамның көкейінде қайда барса да «мұнда қазақша қызмет көрсете ме екен?», «қазақша сөйлей ме екен?» деген сұрақтың болары анық. Чат ашылған алғашқы күні оған 200-300 адам жиналды, ал 4-5 күннің ішінде топ мүшелерінің саны 1 500-ға жетті. Идея осылай пайда болды. Компанияларға тұтынушы құқығымызды сақтауды сұрап, қазақша да ақпарат беруі туралы талап-тілегімізді сыпайы, мәдениетті түрде жеткіздік. Біз хабарласқан компанияның барлығы дерлік қазақша жаза бастады. Mechta, Technodom, Starbucks сынды ығымызға жығылуға біраз қарсылық танытқан компаниялар да болды. Бірақ қазір олар да қазақша сөйлейтін тұтынушылардың көп екенін түсінгендей. Біз ескерту жасамай жатып, парақшаларын өз еркімен «қазақшаландырған» компаниялар да табылды. Біз олардың өзге тілдерде ақпарат таратуына қарсы емеспіз, бірақ қазақша да жазуын талап етеміз. Бұл жерде талап ету деген тіркестің өзі артық. Қазақстанның кез келген азаматы аталған компаниялардың тұтынушылары, солардың өнімін қолданады. Ал қазіргі статистикаға сүйенсек, Қазақстан азаматтарының басым бөлігі – қазақтілді. Олар қазақша ақпарат алуды, қазақша сөйлеуді жөн санайды. Ал компания қазақша ақпарат таратса, олардың тауарына деген сұраныс көбейе түсері сөзсіз. Міне біздің негізгі идеямыз компанияның имиджіне нұқсан келтіру емес, осыны жеткізу еді», дейді қозғалысты ұйымдастырушылар.
Талқылауға қатысып, парақшаларда пікір білдіретіндердің басым бөлігі – жастар. Бұл жердегі негізгі мәселе – қозғалыстың ерікті түрде жүріп жатқаны. Чатта пікір білдіру мәдениеті мен компаниялар парақшасы туралы ақпарат қана бар. «Бұған қатысушылардың басым бөлігі – қалалық жастар. Олай деуіміздің себебін түсіндіре кетейін. Алдымен, олар өз құқықтарын біледі. Екіншіден, оларға қазақша ақпарат алған ыңғайлы. Үшіншіден, сол компаниялардың өнімін сатып алады, тұтынады.
Алдағы уақытта еліміздегі барлық компаниялар мемлекеттік тілде ақпарат таратуды жүйелі түрде жолға қойып, бұл орайда қандайда бір мәселе туындамайтын күнге жетсек, яғни аталған чатқа қажеттілік болмайтын кез туса, оны жабамыз. Ал ол күн тек кез келген компания қазақша да ақпарат тарата бастағанда туады», дейді ұйымдастырушылар.
Бұл ерікті қозғалысты «қалауын тапса, қар жанадының» ХХІ ғасырдағы үздік үлгісі десек болар. Аталған жоба әлеуметтік желілерді игі істерге де тиімді пайдалануға болатынын көрсетті. Ал жастар бизнес өкілдеріне қазақтілді аудиторияның өз тілінде берілген ақпаратты мәдениетті түрде талап ете алатынын, мемлекеттік тілде ақпарат тарату міндет екенін жеткізе алғандай. «Қазақстанда қазақтілді аудитория дискриминацияға ұшырайтын ең ірі топ деуге болады. Сондықтан бұл кез келген азамат күніне 5-10 минутын бөліп, компанияларға қазақша жазу керек деген өтінішін білдіре алатын акция. Ал қазақша ақпарат сұрау ірі бизнестің, корпоративтік қоғамның қазақша сөйлейтін тұтынушыға көзқарасын өзгертеді деп ойлаймыз», деп есептейді жастар.
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 23:55
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Кеше
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Кеше
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Кеше
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Кеше
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Кеше
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Кеше
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Кеше
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Кеше
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Кеше
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Кеше
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Кеше
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Кеше
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Кеше
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Кеше
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Кеше
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Кеше
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Кеше
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Кеше
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Кеше
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Кеше
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Кеше
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Кеше
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Кеше
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар