Аргентиналықтар бүгінде Димашты тәулік бойы тынбай тыңдап жатыр. Бұл туралы dimashnews.com сайты хабарлады. «Аргентинада Димаш Құдайберген мен оның фанаттарына арналған «La Era Dimash» радиостанциясы ашылды. Аталған толқында күні-түні қазақстандық орындаушының әндері қосылады. Аргентинадағы жанкүйерлер үшін 2020 жылдың басты оқиғасы осы болды», деп жазды аталған сайт.

Тек Димаштың әндері қосылатын радиостанция ашу туралы ой жерлесіміздің Аргентинадағы тыңдарманы Паола Роминаға 2019 жылдың тамызында келген екен. Бойжеткеннің бастамасын тек Латын Америкасындағы емес, жер жүзіндегі фанаттар да қолдаған.
Аталған сайт жазғандай, «Dimash´s Dears Argentina» фан-клубы әкімшілерінің бірі Флавия Альтамирано Паоламен аргентиналық фанаттардың Росариодағы кездесуінде танысқан екен. Қыздар тез тіл табысып, аз уақыттан кейін Паола «The Dimash Era» деген атпен мәдени алмасуға арналған парақша ашқан. Бұл парақшада Паола Қазақстан мәдениетін өзге елдердің мәдениетімен салыстыра отырып, ұқсастығы және айырмашылығы туралы жариялайды екен.
Фанаттар тарапынан оң баға алған Паола дүние жүзіндегі фанаттарға тарту жасағысы келген. Ойлана жүріп соңында жеке радио станция ашуға бел буыпты. Жаңа идеясы туралы Паола аргентиналық Dears-қа хабарлайды, ал олар өз кезегінде қуана-қуана қолдау танытқан.
Айта кетуіміз керек, радиостанцияның негізгі мақсаты – әлемде болып жатқан жағдайға байланысты қиналған, мұқтаж жандарға, фанаттарға бақыт сыйлау. Радионы WiFi желісі жоқ орындарда да мобильді траффик жұмсамай-ақ тыңдай беруге болады. Ол үшін «ZenoRadio» мобильді қосымшасын «App Store» және «Google Play-ден» жүктеп алуға болады.
Димаш бүгінде әлемге танымал тұлға. Қаршадай ұлдың қазақ сахарасында туып, аз ғана жылдың ішінде аты әлемге мәшһүр болуы, Атлант мұхитын асып Аргентина төрінде тәуліктер бойы әні шырқалып жатуы – ұлтымызға теңдессіз мерей.
Қазақтың әні мен сәнін, өнері мен тілін насихаттап жүрген құбылысты ел ішінде бұдан да үлкен құрметпен насихаттауымыз керек қой.
Қазақстан • Кеше
Азық-түлік белдеуінің әлеуеті нығайып келеді
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Экономиканы несиелеу өсе бастады
Экономика • Кеше
Онлайн-петиция: Қоғамның барометріне айнала ала ма?
Қазақстан • Кеше
Газ мәселесінің түйіні тарқатылады
Экономика • Кеше
Консорциум мүмкіндігі тағы төмендеді
Экономика • Кеше
Қаржы • Кеше
Сапалы интернетпен түгел қамтылу көзделіп отыр
Аймақтар • Кеше
Ата-ана және ұрпақ тәрбиесі: Кінә мен реніш
Қоғам • Кеше
Балалар бәсекелестігіне байыппен қарасақ...
Қоғам • Кеше
Оңалту орталығына оң көзқарас қажет
Медицина • Кеше
Абай • Кеше
Руханият • Кеше
«Қилы заман» қалай түсіріліп жатыр?
Кино • Кеше
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қарқынды жүргізілуде
Медицина • Кеше
Есірткі саудасы өршіп, пәтер тонау азайды
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Мұқан және оның туған топырағы
Қазақстан • Кеше
Технология • Кеше
11 елді мекенде мобильді интернет жоқ
Аймақтар • Кеше
Байрақты бәсеке жалауын көтереді
Спорт • Кеше
Өнер • Кеше
Қоғам • Кеше
Полиция Ұзынағаштағы атысқа қатысты пікір білдірді
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Екібастұз қаласының әкімі қызметінен кетті
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда гендерлік көрсеткіш жақсарып келеді
Қазақстан • Кеше
ЖОО оқытушыларының жалақысы өсті
Үкімет • Кеше
11 жастағы қыз Бадам өзеніне батып кетті
Оқиға • Кеше
Қызылорда облысы прокурорының үш орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет «Зерде» холдингін жабу жөнінде қаулы қабылдады
Үкімет • Кеше
Киберфутболдан Қазақстан құрамасы FIFAe рейтингінде жоғарылады
Қазақстан • Кеше
Елордада Ұлы дала даңғылындағы көпір ашылды
Елорда • Кеше
«Ақбақай» алтын шығару фабрикасының екінші кезеңі іске қосылды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар