Қоғам • 31 Шілде, 2020

Атырау облысына 47 қандас көшіп келді

6014 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл мұнайлы өңір топырағына атажұртқа жетуді аңсаған 35 отбасының  47 мүшесі табан тіреді, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырау облысына 47 қандас көшіп келді

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолланың айтуынша,   қандастардың  басым бөлігі бұрын Өзбекстан Республикасында тұрыпты. Осы елден 35 адамы бар 25 отбасы оралды. Қытайдан 8 жанұя құрамында  10 адам, ал, Украинадан  2 отбасының 2 адамы атажұртын сағына жетіпті.

"Елге келген қандастардың "Оралман мәртебесін беру туралы" өтініштері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының "Халыққа қызмет көрсету" орталығы арқылы түсті. Олардың құжаттары қаралып, оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылданды. Қазір қандастардың бәрі облыстағы қала мен  аудандарға орналасты", деді Серік Қамидолла.