Бақытты отбасы, әдемі үй, жайнап тұрған дастархан, сыңғырлап күлген анасының дауысы, бұл өмірде одан асқан бақытты жан жоқ шығар, сірә. Осынау 13 жасар қыздың күлкі мен шаттыққа толы кешкі асын кенет шырылдай шыққан ащы дауыс бұзып жіберген еді.

Бақытқа толы балалық шағын қанша қиғысы келмей жатса да, көзін әрең ашып, жан-жағына алақ-жұлақ қарайды. Манағы кең, жылы әрі керемет үй мезетте лашыққа айналып кеткендей. Жарқ-жұрқ еткен найзағай мен нөсерлеп жауған жаңбыр олардың паналаған баспанасын ұшырып әкететіндей...
Лас еден, қуыстай бөлменің бір бұрышында араққа сылқия тойып, бүріскен әкесі мен анасы. Олардан сәл алшақтау жерде әбден тозығы шығып, жыртылған көрпе үстінде, жартылай жалаңаш найзағай дауысынан шошып шырылдап жылаған екі жасар Омар атты інісі. Үйде сылдыраған бос бөтелке мен көгерген наннан басқа, жүрек жалғар ештеңе де жоқ еді.
Айша осы көрініске әбден еті үйренгендей, ақырын орнынан тұрып, інісінің қасына барды. Бауырын жұбатқандай болып, маңдайынан сүйіп, үстіне қалыңырақ әкесінің жаман жейдесін қабаттап жапты. Омардың қасына жантая жатып, жартылай сынған терезенің бір бұрышынан нөсерлі далаға көз қырын салады.
«Өмірге не үшін келдім?», «Мен кімге керекпін?» деген сұрақтар мен ата-анаға деген реніш Айшаны тез есейтіп жібергендей. Біресе осындай тағдырына өкпелеп, біресе әке-шешесінің бар екендігіне, аман екендігіне, қастарында екендігіне шүкіршілік етеді. Інісі Омармен өзінің есейген шақтарын, білім алып, жұмыс істеп, бақытты ғұмыр кешетіндіктерін ойлай өз-өзін жұбатып жатып, көзі ілінеді. Күні бүгінге дейін оны жылытып, күш беріп келе жатқан да осы, асқақ армандары мен үзілмес үміттері болатын.
Ұйқыға кеткен сәттен бастап, Айша тәтті қиялдарының құшағына еніп, қанат біте ұшып жүргендей күйге кенелетін.
Бұл – бүгінде өз бүлдіршіндерінің болашағына қолын бір сілтей қарайтын отбасыларда өсіп келе жатқан кіршіксіз сәбилердің бір күндік тіршілігі еді.
Сағыныш ИБРАГИМ,
студент
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 23:55
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Кеше
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Кеше
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Кеше
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Кеше
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Кеше
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Кеше
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Кеше
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Кеше
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Кеше
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Кеше
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Кеше
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Кеше
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Кеше
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Кеше
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Кеше
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Кеше
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Кеше
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Кеше
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Кеше
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Кеше
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Кеше
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Кеше
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Кеше
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар