22 Қазан, 2013

Шырайланған Шиелі

450 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін

IMG 9193-1Елбасы Үкіметтің кеңейтілген кеңесін өткізгенде бірталай мәселені сын садағына ілді. Соның ішінде бөлінген қаражаттың игерілмей жатқанын ерекше атап өтті. Біз Шиелі ауданының әкімі Мұрат Ергешбаевпен жо­лыққанда алдымен осы мә­селені сұрадық. «Осы1 қа­­­­­зандағы есеп бойынша аудан бюджетінің шығысы 5 миллиард 809 миллион 13 мың теңгені құрап отыр. Ал осы мерзімге дейін 5 миллиард   739 миллион 654 мың теңгенің жұмысы орындалыпты. Яғни, бұл бюджет қаражаты 98,8 пайызға орындалып отыр деген сөз»,– деді ол.

IMG 9193-1Елбасы Үкіметтің кеңейтілген кеңесін өткізгенде бірталай мәселені сын садағына ілді. Соның ішінде бөлінген қаражаттың игерілмей жатқанын ерекше атап өтті. Біз Шиелі ауданының әкімі Мұрат Ергешбаевпен жо­лыққанда алдымен осы мә­селені сұрадық. «Осы1 қа­­­­­зандағы есеп бойынша аудан бюджетінің шығысы 5 миллиард 809 миллион 13 мың теңгені құрап отыр. Ал осы мерзімге дейін 5 миллиард   739 миллион 654 мың теңгенің жұмысы орындалыпты. Яғни, бұл бюджет қаражаты 98,8 пайызға орындалып отыр деген сөз»,– деді ол.

Қызылорда облысында қар­қынды дамудың жолына түс­­­кен ауданның бірі – Шиелі. Аудан­­­ның өнеркәсіп орындары осы тоғыз айдың ішінде 16741,1 миллион теңгенің өнімін өндіріп, өнім көлемі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 105,3 пайызға артқаны байқалады.

– Тау-кен өндірісінде 11874,6 миллион теңгенің өнімі өндірілді. Оның ішінде уран шикізатының өндірісі біршама төмендеп 93,8 пайызды құрады. 2013 жылдың 1 қазанына ауданда шағын және орта кәсіпкерліктің 3531 субъектісі тіркелген еді. Оның ішінде 256-сы заңды тұлға, 2780-ні жеке тұлға, 495 бірлік шаруа қожалықтары болатын. Жыл басынан кәсіпкерлік субъектілеріндегі жұмыспен қам­тылған адам саны 6187 жұмыс­шыны құрады. Былтырмен салыстырғанда кәсіпкерлік субъек­­тілерінің тіркелуі бойынша 116,4 пайызға жетсе, жұмыспен қамтылғандар саны 112,4 пайызға артып отыр. Шиелі ауданында биылғы тоғыз айда 957 миллион теңгенің 3 инвестициялық жобасы мақұлданды. Бірінші – өндіріс көздерінің қатарын арттыру мақсатында жалпы сомасы 45 миллион теңгені құрайтын, жылдық қуаттылығы 2,8 миллион дана күйдірілген кірпіш өндіру зауыты индустрияландыру картасына енді. Қазіргі таңда карьерге барлау жұмыстарын жүргізу бас­талды. Зауытқа қажетті құрал-жабдықтар жеткізіліп, трансформатор орнатылып, 2,18 шақырымнан электр желісі тартылды. Күйдіру пешін құру жұмыстары жүргізіліп, сынақтық кірпіштер шығарылуда. Онда 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Екінші – өңірлік индус­трияландыру картасына енгізілген жалпы құны 640 миллион теңгені құрайтын «Шиелі тас – Оңтүстік» ЖШС-нің әк шығару зауытының жобалық құнының артуына 777 миллион теңге болуына байланыс­ты индустрияландыру картасына қайта енгізілді. Жаңа жоба бойынша 84 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бүгінде «Шиелі тас – Оңтүстік» ЖШС-нің әк шығару зауыты жобасы бойынша жер телімі алынып, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүріп жатыр. Қар­жы бөлініп, тендер жарияланып, оның жеңімпазы анықталуда. Зауыттың әкімшілік ғимаратының шатыры жабылып, қондырғыларды орнататын орынның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге, Қытай мемлекетінен әк зауыттың 9 вагонға тиелген құрал-жабдықтары жеткізілді. Бұдан бөлек Қытайдан әк зауытының құрал-жабдықтарын орнатуға мамандар шақыртылып жатыр. Алдағы уақытта, серіктестіктің жұмыс жоспарына сәйкес, карбид, бор өнімдері өндіріледі. Үшінші, ауданда туризм саласын дамыту мақсатында, жалпы сомасы 135 миллион теңгені құрайтын «Алтын-Мереке» демалыс кешені өңірлік индустрияландыру картасына енгізілді. Аталған жоба бойынша жер телімін алу жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша 14 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Шиелі кенті әкімінің шешімімен кенттің шығыс бөлігінен индустриялық аймақ ретінде 50 гектар жер бел­гіленді. Енді аталған аймақты ин­фрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен 5 миллион теңге қаралып, жоба-сметалық құжаттары әзір­ленуде. Қазіргі таң­да өндіріс кө­з­дерін орналастыру үшін аудан кәсіпкерлерінен ұсы­ныстар жинақталуда. Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ауданнан 101 миллион теңгенің 3 жобасы мақұлданды. Олар: «Шиелі тас – Оңтүстік» ЖШС-нің әк шығару зауыты жобасын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында «Биз­­­нестің жол картасы-2020» бағ­дарламасы аясында, құны 55 миллион теңгені құрайтын жобасы аймақтық үйлестіру кеңесінен оң қорытындысын алды. Жеке кәсіпкер «Смағұлова Сұлушаш» кәсіпкерлігін дамыту мақсатында «АТФ» банкінен 40 миллион теңге несие алып, ішінара субсидиялау мақсатында аймақтық үйлестіру кеңесінен өтті. Сондай-ақ, жеке кәсіпкер «Есенова Тұрсынай» «Шиелі такси» мекемесін дамыту үшін 6 миллион теңгеге 4 жеңіл автокөлік алу жөнінде ұсынысы аймақтық үйлестіру кеңесінде қа­ралып, оң бағасын алды, – дейді Мұрат Нәліқожаұлы.

Шиелі ауданында ауыл шаруа­шылығы саласы да жолға қойылып, қазынаға қаржы құйып жатыр. Биыл ауданда 9165 гектар жерге дәнді дақылдар егілді. Негізгі дақыл күріш болып табылатыны белгілі ғой. Бұл тұрғыда 7578 гектар жерге күріш себілді. Аудан бойынша әрбір гектарынан 41,7 центнер өнім алынды. Барлық жиналған Сыр маржаны 31600 тонна, 1624 гектар картоптан 190 центнерден 30856 тонна, 1180 гектар көкөністен 200 центнерден 23600 тонна, 2196 гектар бақшадан 200 центнерден 43920 тонна, мал азығы дақылдары 9543 гектардан 25584 тонна жоңышқа шөбі дайындалыпты.

«Биыл ауданда «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 21 миллион 190 мың теңге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 27 миллион 200 мың теңге несие қаржы бөлінді. Бағдарлама негізінде ауданда «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуе­тін арттыру» жобасы шең­берінде 300 бас қашар сатып алу қажет болса, бүгінгі күнге 308 бас ірі қара, 51 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынды. Мониторинг бойынша 2683 бас ет бағытындағы мал тіркелген. 2013 жылы ауданда 4 заңды тұлға, 1 ірі фермерлік қожалық, 68 майда шаруа қожа­лықтары егінмен айналысады. Шаруашылықтарды ірілендіру жұмыс­тары жөнінде біраз жұмыс­тар атқарылып жатыр. Атап айтатын болсақ, Иіркөл ауылдық округінде «Нұрсанат», «Дәурен», «Сағындық», «Жаңа – Ғасыр», «Бір­лік» шаруа қожалықтары «Ержанова» шаруа қожалығына бірігіп, «Асар», «Даму», «Еркін» шаруа қожалықтары «Алтын Дән- Шиелі» қожалығына қосылып, келесі жылы жұмыстарын жалғас­тыра бермек. Бестам ауылдық округінде ірі «Ақниет-2», «Алтын Дән» шаруа қожалықтары бірі­гіп, жауапкершілігі шектеулі серік­тестігін құру, сонымен қатар, «Сабыр­хан», «Несібелі», «Бағлан», «Досман» шаруа қожалықтарының бірігуі жөнінде жұмыс жасалу­да. «Төңкеріс» ауылдық округінде «Үміт», «Төңкеріс», «Қодаманов», «Ақан-Сері» шаруа қожалықтары бірігіп, ірі «Кенен» шаруа қожа­лығын құру туралы жоспар бар. Сонымен қатар, «Мырзаева» шаруа қожалығымен «Молшылық», «Нақыпбек», «Ынтымақ-К» қо­жа­­лық­тары бірігіп, ірілендіру жұ­мыстары жүргізілуде», дейді аудан әкімі.

Аймақтың даму барысын құр­лысына қарап та бағалауға болады. Егер мемлекеттен бөлек, аудан халқының өзі үй тұрғызып, баспана көтеріп жатса, онда мұны жақсылыққа балар едік. Биылдың өзінде ауданда тұрғындар есебінен жалпы ауданы 13987 шаршы метр тұрғын үй салыныпты. Сонымен қатар, Шиеліде оқу ошақтары да көптеп салынып жатыр. Мысалы, Шиелі кентінен жобалық құны 1616,9 миллион теңге болатын 1200 орындық мектептің құры­лысы және 807,9 миллион теңге болатын 600 орындық мектеп құрылысы былтырғы ақпан айында басталған болатын. 600 орындық мектеп ағымдағы жылы қараша айында пайдалануға берілетін болса, 1200 орындық мектеп 2014 жылдың жаңа оқу жылына пайдалануға беру жос­парлануда. Қосүйеңкі ауылындағы 20 орындық балабақшасымен қоса 50 орындық мектеп және Бірлестік ауылындағы 100 орындық мектеп осы жылғы жаңа оқу жылына пайдалануға берілді. Ал жобалық құны 494,6 миллион теңге болатын Еңбекші ауылындағы 300 орындық мектеп құрылысы ағымдағы жылы маусым айынан бас­талды. Аталған мектеп осы қараша айында пайдалануға беріледі деген жоспар бар. Бестам ауылынан 300 орындық мектеп құрылысына 252,8 миллион теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Шиелі кентіндегі №219 мектепке облыстық бюджеттен бөлінген 104,7 миллион теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа оқу жылына пайдалануға берілді. Бюджеттен 9800 мың теңге қаржы бөлініп, Шиелі кентіндегі № 252 мектеп ғимаратын қайта жаңғырту және қосымша корпус құрылысына жоба-сметалық құжаттама дайындалуда.

«Денсаулық сақтау саласы бойынша айтар болсақ, кент ор­талығынан ауысымда 250 адам­ға арналған емхананың құ­ры­­лыс-монтаж жұмыстары был­тыр­ғы қыркүйек айында бас­талды. Бас мердігер «Дәнекер құ­рылыс компаниясы» ЖШС құ­рылыс жұмыстарын жүргізуде. Өтпелі нысан ағымдағы жылдың желтоқсан айында то­лық­тай пайдалануға беріледі. Ы.Жақаев ауылынан дәрігерлік амбулатория құрылысына 84 миллион 717 мың теңге, Сұлутөбе ауылы­нан дәрігерлік амбулатория құ­рылысына 86 миллион 538 мың теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Аталған екі дәрігерлік амбулатория қазан айында пайдалануға беріледі. Бидайкөл ауылынан дәрігерлік амбулатория құрылысына жоба-сметалық құжаттама дайындауға 2 миллион 411 мың теңге қаржы қаралып, жұмыстар атқарылуда. Мәдениет саласында Сұлутөбе елді мекеніндегі апатты жағдайдағы клубтың орнына жаңа типтік жобадағы екі қабатты 240 орындық мәдени ошақтың құрылысы жүргізілуде. Құрылыстың жалпы құны жоба-сметалық құнымен сараптамасын қосып есептегенде 295 миллион теңгені құрайды. Сонымен қатар, Бәйгеқұм елді мекенінен 150 орындық ауылдық клубтың құрылысының құжаттары дайындалып, құзырлы орындардың қарауында жатыр. Жансейіт, Төңкеріс, Тартоғай, Майлытоғай елді мекендерінен 150 орындық клубтардың құрылысына жоба-сметалық құжаттама дайындауға әрбір нысан бойынша 4 млн. 887 мың теңгеден қаржы қаралды. Бұдан бөлек облыстық бюджеттен бөлінген 50 миллион теңге қаржыға Шиелі ауданының Жиделіарық, Ә.Тәжібаев, Ортақшыл, 1 Ма­мыр, Бірлестік, Майлытоғай, Би­дай­­көл, Ботабай, Жансейіт жә­не Бала би елді мекендерінде 10 спорт алаңының құрылысы жүр­­гізілуде. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында кезекте тұрған адамдарға жалға бері­летін бір пәтерлі 2 тұрғын үй құрылысын жүргізуге қажетті қара­­жат бөлініп, оның құрылыс жұмыстары аяқталып, мемлекеттік қабыл­дау жұмыстары жүргізілуде. Аудандық бюджеттен қаралған 5,0 миллион теңге қаржыға жалға бері­летін 40 тұрғын үй құрылысы үшін жоба-сметалық құжаттама дайындалып мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Тағы сондай 5,0 миллион теңгеге «Шұғыла» шағын ауданынан құрылысы жүргізілетін 15 тұрғын үйдің инженерлік ин­фра­құрылымының құрылысына жоба-сметалық құжаттама дайындалуда», деді бізге Мұрат Ергеш­баев.

Қысқасы, жыл өткен сайын Шиелінің шырайы кіріп келеді. Ел экономикасының дамығанын, әлеуметтің әлеуеттік жағдайының артқанын осы ауданда жасалып жатқан жұмыстарға қарап-ақ баға­лауға болатын сияқты.

Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Қызылорда облысы.

Соңғы жаңалықтар

Абайлықтар баспаналы болды

Аймақтар • Бүгін, 21:14