22 Қазан, 2013

Ақтауда қымбат бағалы көліктер ардагерлер аттарына тіркеліпті

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22 10-toyota-landМаңғыстау облысының Ақтау қаласында 600-ден астам қымбат бағалы көліктер Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектер атына тіркеліп, белгілі мөлшерде мемлекет қазынасына салық түспеген. Бұл туралы «Тумба» жазды.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жазылғандай, жергілікті жердегі бірқатар азаматтар автокөліктің двигатель көлемін өзгертіп,салық мөлшерін азайтып төлеуге әрекет жасаған. Жалпы, Ақтау қаласындағы салық басқармасы двигателінің көлемі үлкен 646 автокөліктің ардагерлер мен мүгедектер атына тіркелгенін анықтады. Осының салдарынан мемлекет қазынасына 30 млн. теңге түспеген.

Мүгедек жандар мен ардагерлердің атына тіркелген автокөліктердің қатарында «Toyota Land Cruise», «Lexus 570», «Nissan Patrol», «Нummer», «BMW X5» және өзгелері бар. Осы орайда, халық қалаулыларының келер жылдың көктемінде салық заңдылығын қайта қарауды жоспарлағанын атап өткіміз келеді.

Данияр Түймебай.

Соңғы жаңалықтар