Руханият • 06 Тамыз, 2020

Белгілі журналист Бисұлтан Аманғалиев дүниеден озды

489 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі журналист, жазушы, "Егеменнің" ардагері, ҚазТАГ қаламгері Бисұлтан Аманғалиев өмірден озды,  - деп хабарлайды Egemen.kz.

Белгілі журналист Бисұлтан Аманғалиев дүниеден озды

Бисұлтан Аманғалиев 1925 жылы 24 желтоқсанда қазіргі Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданында дүниеге келген. Қаламгер 1954 жылдан 1990 жылға дейін ҚазТАГ аударма кеңсесінде жұмыс істеді. ҚазТАГ-қа дейін "Қазақстан пионері" және "Социалистік Қазақстан" газеттерінде еңбек еткен.

Еңбек жолын аудармашы болудан бастаған Бисұлтан Аманғалиев аударма бөлімінің редакторы, бас редактордың орынбасары, республикалық, бүкілодақтық және шетелдік ақпарат редакциясын басқарды. Бисұлтан Аманғалиев  ҚазТАГ-тың майталман маманы, еліміздегі білікті аудармашы ретінде арнайы алдырылып, КСРО Жоғарғы Кеңесі сессияларында стенографиялық ілеспе аударма жасау үшін бірнеше рет Мәскеуде де болған. Әсіресе, 1969 жылы Мәскеудегі Кремльдің Съездер сарайында ІІІ-Бүкілодақтық колхозшылар съезінде тікелей ілеспе аударма жасаған.

Бисұлтан Аманғалиев Украина, Польша, Чехословакия, Венгрияны азат етуге қатысқан. Әскердің барлық үш саласында қызмет етті. Ол Қазақстанға 1945 жылдың қарашасында ғана оралды.

Бисұлтан Аманғалиев соғыс және бейбіт уақыттағы "Құрмет" орденімен, Халықтар достығы, Қызыл Жұлдыз, Жеңіс ордендерімен марапатталған.