Аталған шешімді UWW атқарушы комитеті қабылдады.
"Біз әлемдегі жағдайға қатысты реакцияны бақылап отырмыз. Сондай-ақ, біз спортшылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауаптымыз. Жарысты бастан-аяқ қауіпсіз өткізетінімізге сенімді болған кезде, қайтадан күресті бастаймыз", - дейді UWW президенті Ненад Лалович.
Атқарушы комитет маусым күнтізбесін талқылайтын келесі отырысты қыркүйекке жоспарлауда.