Қоғам • 06 Тамыз, 2020

Павлодар облысының кәсіпорындарында Индустрия 4.0 элементтері енгізіледі

262 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бастамасы бойынша вице-министрі Динара Щеглованың төрағалығымен Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіптік кәсіпорындарында Индустрия 4.0 элементтерін енгізу мәселелері бойынша онлайн-жиналыс өтті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Павлодар облысының кәсіпорындарында Индустрия 4.0 элементтері енгізіледі

!с-шара Шығыс қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері, облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары, «Инновациялық технологиялар паркі» Дербес кластерлік қоры, «QazIndustry «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Павлодар облысында 6 өнеркәсіптік кәсіпорын («Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазхром» ТҰК АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «ERG Service» АҚ, «Проммашкомплект» ЖШС, «ПМХЗ» ЖШС) сомасы 3 121 млн теңгеге 10-нан астам цифрлық жобаны іске асыруда. 782 млн теңге сомасына 4 жоба іске асырылды.

Сондай-ақ Д. Р. Щеглова Министрліктің өнеркәсіптік объектілерді цифрландыруға бағытталған кейбір бастамалары туралы қысқаша айтып берді:

- «ИТП» ДКҚ және «QazIndustry» АҚ бірлесіп құрылған технологиялық платформаның көмегімен отандық өнеркәсіптік және АТ кәсіпорындарын қолдаудың Экожүйесін құру қажеттілігі;

- өнеркәсіпті цифрландыру және Индустрияға 4.0 көшу үшін жағдай жасау бойынша негізгі қадамдарды анықтау;

«Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасына енгізу үшін кәсіпорындарды цифрландыру бойынша ұсыныстар.

Талқылау барысында мемлекеттік бағдарламаға енгізу үшін кәсіпорындарды цифрландыру бойынша ұсыныстар енгізуге байланысты көптеген практикалық мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасылды. Жиналыстың қатысушылар өнеркәсіптік кәсіпорындардың осы үдерісіндегі айқындаушы рөлін атап өтті.

Жиналыс барысында тараптар барлық мүдделі тараптардың қатысуымен осындай жұмыс форматы пікір алмасудың және өнеркәсіпті цифрландыру деңгейін арттыру және Индустрия 4.0-ге көшу мәселелері бойынша бірыңғай ұстанымды әзірлеудің тиімді тәсілі болып табылатынын атап өтті, сондай-ақ осы бағыттағы жұмысты жалғастыруға келісті.