Аймақтар • 07 Тамыз, 2020

Жандарбек Бекшин бетперде тағып жүру міндетті екенін айтты

1641 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Онлайн брифингте қаланың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа қарсы антиденелер бар-жоғына қарамастан медициналық бетперделерді міндетті түрде тағып жүруді еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz

Жандарбек Бекшин бетперде тағып жүру міндетті екенін айтты

"КВИ иммунитеті қаншалықты қалыптасқанын ешкім білмейді. Мысалы, мен коронавируспен ауырдым, бірақ сонда да бетпердені тағып жүремін. Біз бүгін вирустың қанша штаммға айналатынын білмейміз. Тұрақты мутация бар. Қалай болғанда да, бетперде тағып жүре керек. Бұл қауіпті індеттің алдын алу", деді қаланың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда өткен онлайн брифингте қаланың Бас санитарлық дәрігері қаладағы коронавируспен сырқаттанушылардың көрсеткіші төмендегені туралы хабарлады.