"Өңірде үш ауысыммен жұмыс істейтін 12 мектеп бар. Бұл мектептерде 23 992 оқушы білім алады. Аталған мәселені шешу үшін 3 000 орындық 4 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге 1 800 орындық 3 мектептің құрылысы жоспарланып отыр. Биыл апатты жағдайдағы бес мектептің біреуінің құрылысы, екі осындай мектептің құрылысы 2022 жылы аяқталады. Тағы екі мектептің құрылысы жоспарлануда", деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Әкімнің айтуынша, биыл 5 мектеп пен 3 балабақша пайдалануға беріледі екен. Ал, алдағы жылы 5 мектеп пен 2 балабақшаның құрылысын аяқтау көзделіпті.
Мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшамен қамтуда мәселесі де біртіндеп шешіліп келеді. Қазір 1-6 жастағы балалардың 65 пайызы балабақшамен қамтылыпты. Сондай-ақ 3-6 жастағы балалардың бәрі балабақшаға барады.